Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты ұлықтау рәсіміндегі сөзін түйіндеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шын мәнінде, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекеттігіміз мәңгі болады. Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту – қазақтың перзенті, Қазақстанның Президенті ретіндегі менің қасиетті парызым.
Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі. Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық, ағайын!
Еліміз өсіп-өркендей берсін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын! Халқымыз жасасын! Халқымыз әрқашан аман болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!», деді Мемлекет басшысы.
Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыста жеңімпаз атанды
Теннис • Кеше
ҰҚШҰ елдері кешенді оқу-жаттығу өткізеді
Оқиға • Кеше
Рим Папасы ауруханадан шығарылды
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар