Спорт • 26 Қараша, 2022

Әскер спортшысы ММА турнирінің жеңімпазы атанды

442 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшысы Қазбек Сағын Ақтөбеде Naiza sport week спорт апталығы аясында өткен Naiza 48 аралас жекпе-жегінде чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әскер спортшысы ММА турнирінің жеңімпазы атанды

Жарыстың басты жекпе-жегінде армия спортшысы екінші раундта британдық Джон Шинкті тұншықтыру әдісімен жеңді.

– Сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өте қуаныштымын. Қарсыласымның соққыларды мықты болды. Әсіресе тік тұрып жасаған соққылары ауыр болды. Сондықтан партер әдісін қолдануға тура келді. Орталық спорт клубындағы әріптестеріме қолдау көрсеткені үшін ризамын және бүгінгі жетістігіме арқау болған әскер спортына алғысымды білдіремін, – деді Қазбек Сағын.

Айта кету керек, бұл ММА-да жеңіліссіз өнер көрсетіп жүрген армия спортшысының мансабындағы төртінші жеңісі.

Соңғы жаңалықтар

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуеті артқан шаһар

Экономика • Бүгін, 08:45

Жылылық

Руханият • Бүгін, 08:40

Түйенің құмалағы

Таным • Бүгін, 08:35