Президент • 26 Қараша, 2022

Президент отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Cалтанатты ұлықтау рәсімінен кейін Мемлекет басшысы отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады

«Қазақстан» орталық концерт залының сахнасында еліміздің танымал әншілері Роза Рымбаева, Димаш Құдайберген, Рухия Байдүкенова, Алишер Каримов, Біржан Хасанғалиев, Ұшқын Жамалбек, Тамара Асар, сондай-ақ «Астана балет» театры, «Contrast», «Terra» би ұжымдары мен тағы басқа мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.