Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының 135 жауынгері Отанына адал болуға ант берді. Салтанатты шара әскери бөлімнің саптық алаңында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трибунадан бригада командирі подполковник Дастан Мұхамеджанов, сондай-ақ ардагерлер ұйымдарының өкілдері мен ата-аналар құттықтау сөз сөйлеп ізгі тілектерін айтты.
Әскери рәсімді өткізу үшін қонақтар мен командирлерінің сөзінен кейін қолында қаруы бар сарбаздар өз борышын лайықты орындауға, ел бостандығы, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысын, халықты және заңды түрде сайланған Қазақстан Республикасының Президентін батыл қорғауға ант берді.
Президенттің инаугурациясымен сәйкес келген ант беру рәсімі жас сарбаздар мен олардың ата-аналарына бұл күнді есте сақтаудың қосымша себеп болды. Олардың айтуынша, мұндай сәйкестік және жақында қол қойылған қорғаныс ведомствосы мен жоғарғы оқу орындары арасындағы келісімдер жақсы қызмет үшін тамаша ынталандыру болып саналады және армиядан кейінгі өмірлеріне жақсы трамплин болады.
- Бүкіл еліміз үшін осы тарихи күні әскери ант қабылдау рәсімін өткізу бақытына ие болдық. Бұл бір жыл ішінде нағыз жауынгер болуға мүмкіндік алғанымызды білдіреді, - деп Алматы қаласынан шақырылған қатардағы жауынгер Мирас Тұрсынжан өз әсерімен бөлісті.
Қостанай облысынан келген Елена Матюхова үшін бұл күн өмірінде ерекше орын алды. Себебі Еленаның үлкен ұлы Максим осы жылдың көктемінде Шымкенттің механикаландырылған бригадасына шақырылды, ал алты айдан кейін інісі Даниил да сол бөлімге сарбаз болып келді.
- Жеке өзім үшін бұл күн ерекше болды, өйткені менің ұлым Даниил, осы жылдың көктемінде шақырылған үлкен ағасы Максим сияқты, ант қабылдады, Отанның нағыз қорғаушысы болды. Біз, ата - аналар, әскери бөлімнің командирлері мен сержанттарына, олардың жұмыстағы үйлесімділігі, ұлдарымызға деген ұйымшылдығы мен жанашырлығы үшін өте ризамыз және алғысымыз шексіз, - дейді екі сарбаздың анасы Елена Матюхова.
Ант беріп, салтанатты шерумен өткеннен кейін сарбаздар дайындаған қойылымдарымен, қару-жарақпен саптық амалдарды орындап өнер көрсетіп, әскери дефиле жасады. Мұның бәрін олар өткен бір ай ішінде үйренген болатын.
Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:38
Петропавл-Алматы бағытындағы пойызда өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Алматыда жаңа автобус бағыты пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 15:25
Ақтөбеде 28 жастағы ер адам зейнеткерді тонап кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Түркістан облысында 300-ден астам трамадол дәрісін сатқан дәрігер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:25
Елімізде ұстаздар мерекесінің күні өзгеруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 12:40
Жеңіс Қасымбек Үркер елді мекенінің тұрғындарымен кездесті
Елорда • Бүгін, 11:55
Ақмола облысында 10 күнде 510 көлік заңдастырылды
Аймақтар • Бүгін, 11:34
4 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:50
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 10:38
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Субсидиялардың 10-ға жуық кіші түрі жойылады - АШМ
Қазақстан • Бүгін, 00:00
Елордада «Open Day» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан сауда-саттық көлемін ұлғайтады
Үкімет • Кеше
ЕАЭО аумағына бірыңғай валюта енгізіле ме?
Қаржы • Кеше
Жетісу облысының сот ғимараттары миналанғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Словакия экономикалық байланысты кеңейтуге мүдделі
Экономика • Кеше
Елордада онкологиядан болатын өлім-жітім көрсеткіші азайды
Медицина • Кеше
Астанада «Вaitursynuly.kz» сайтының тұсаукесері өтті
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға • Кеше
Таразда төрт жасар баланы тоқ соқты
Қоғам • Кеше
Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының президентімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Саясат Нұрбек «Digital Almaty 2023» форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Таразда халықаралық деңгейдегі Аквапарк іске қосылады
Аймақтар • Кеше
Президент қолөнершілер көрмесін аралады
Президент • Кеше
Бас редакторлар клубының басшылық құрамы сайланды
Қазақстан • Кеше
Биыл 149 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды
Президент • Кеше
BALQASH ALABUǴASY монеталары айналымға енді
Қаржы • Кеше
Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруалармен кездесті
Президент • Кеше
Алматыда еліміздің үздік ғалымдары марапатталды
Ғылым • Кеше
Ұқсас жаңалықтар