Астанадағы Ұлттық музейде белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашевтың мерейтойына арналған іс-шара өтті.

Мазмұнды іс-шара «Берел» ғылыми-зерттеу қорының ашылуымен басталды. Онда Зейнолла Самашев жетекшілік еткен археологиялық экспедицияның әр жылдары «Берел» сақ қорғандарынан тапқан бірегей артефактілері жинақталған. Қорға енген 2 мыңнан астам археологиялық зат толықтай зерттеліп, қалпына келтірілген. Әсіресе сақ қорғандарынан табылған алтын бұйымдар мен әшекейлер, ат әбзелдері мен қару-жарақ түрлері және ағаш қималары мен діңгектерінің бөлшектеріне жұртшылық таңырқап қарады.
Одан кейін іс-шара «Дала қорғандарының құпиялары» атты көрмеге ұласты. Бұған Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов қатысып, айтулы ғалымның археология мен тарих ғылымына сіңірген еңбегін еңбегін ерекше атап өтті. Ғалымға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың құттықтау хаты мен «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов та мерейтой иесіне ізгі лебізін білдірді. Аталған көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы жәдігерлер ұсынылды.
Сондай-ақ мәдени іс-шара барысында археологияның өзекті мәселелеріне, ескерткіштерді зерттеу мен қорғауға байланысты дөңгелек үстел мәжілісі өтіп, онда тарихшылар, археологтер және қоғам қайраткерлері отандық археология саласындағы маңызды мәселелер мен өзекті тақырыптарды ортаға салып, ой бөлісті.
Кеш соңында Зейнолла Самашев өзінің барлық саналы өмірін арнаған археология ғылымы туралы парасатты ой қозғап, осы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан азаматтар мен жиналған қауымға алғысын білдірді.
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 13:20
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 13:04
Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 12:45
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Бүгін, 12:18
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Бүгін, 11:53
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Бүгін, 11:29
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:55
Әлихан Смайылов Шымкентті жылумен жабдықтаудағы кемшіліктерді атады
Аймақтар • Бүгін, 10:17
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:07
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • Кеше
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • Кеше
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Кеше
Исламабадта Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды
Қазақстан • Кеше
Дархан Қыдырәлі LinkedIn компаниясының өкілімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Қазақстан елшісі Болгария президентіне сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан • Кеше
Президент теміржол инфрақұрылымын дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Қазақстан елшілігі Корея Кеден қызметінің наградасына ие болды
Қазақстан • Кеше
Лиссабонда Қазақстанда өтетін парламент сайлауы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елімізде 500 мыңға жуық бала ұшақпен тегін ұша алады
Қоғам • Кеше
Шымкентте 455 автокөлік айыптұраққа қойылды
Аймақтар • Кеше
TikTok-та Ақорданың ресми аккаунты пайда болды
Қоғам • Кеше
Қаржы • Кеше
Ирандағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасалды
Әлем • Кеше
Өткен жылы Қазақстанға 610 мың шетелдік турист келген
Туризм • Кеше
Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ана мен бала қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар