Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Осы салтанатты іс-шараның шымылдығын түруге Швейцарияның Экономика және менеджмент бойынша қолданбалы ғылымдар мектебінің ректоры Доминик Джордан арнайы келді. Аталған жобаның қазаққа берер маңызы зор. Неге десеңіз, Open Space форматы әрбір азаматты көшбасшылыққа жетелеп, креативті ойлауға сеп болады. Ол аз десеңіз, қаржылық және медиа сауаттылықтан бастап, әлемдік және қазақстандық классиктердің шығармаларын еркін меңгеруге жол ашады. Оқырманның білім деңгейі мен ой-өрісін байытады. Бұл жоба сонысымен құнды.
«Білім іздеуге тілек білдіруші әрбір жанның ұсынысы біз үшін қымбат. Ақпараттық технология дамыған заманда тұтынушының тілегіне құлақ асу маңызды. Біздің елде бұл жүйе жақсы дамыған. Енді ойымызды, ұсынымызды сіздермен бөлісіп отырмыз. Игілікті істі қолға алғандарыңызға алғысым шексіз. Ойлы әрі сауатты қоғамды қалыптастыруға күш салайық», деді Д.Джордан.
Осы қуанышты оқиғаны бөлісуге Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп, Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Мейір Ескендіров келді. Олар ақ тілегін ақтарып, Швейцариядан келген қонаққа алғысын жаудырды.