Ауылды гүлдендіру, өркендету керек. Біз елдегі үлкен қалалардың урбанизацияға дайын еместігін түсінуіміз қажет. Сол себептен қаладағы барлық инфрақұрылым, мәдениет үйлері, жақсы медициналық орталықтарының ауылда да салынғанын қалаймыз.
Бізде «Ауыл – ел бесігі» деген жоба бар. Бірақ ол жоба бойынша алдағы 5 жылға арнап сайлауға дейін 500-ақ (!) млрд теңге бөлінген. Бүгінде 200 млрд-қа жуығы ғана игеріліп үлгерген. Ал алдағы жылдарға 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінетіндігі айтылуда. Бұл деген қомақты қаражат.
Әділетті Қазақстанға сенемін! Ол ешқашан тоқтамайтын процесс. Бізге 7 жылдан кейін де, 10 жылдан кейін де әділетті Қазақстан керек. Соған ақырындап қадам басып келеміз.
Елнұр БЕЙСЕМБАЕВ,
Мәжіліс депутаты