Аймақтар • 28 Қараша, 2022

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз қаласының жылу желілерінде болған апатқа байланысты жергілікті билік ТЖ режимін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

«Апат орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталғанға дейін ТЖ режимі енгізіледі», делінген Екібастұз әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында.

Қала билігінің мәліметінше, 17 көпқабатты тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 21 заңды тұлға нысаны сағат 01:30-дағы жағдай бойынша жылусыз қалды.

Энергетика министрлігі жылу құбырларының тозуының жоғары деңгейі туралы хабарла. Кейін министрлік Екібастұздағы апат ЖЭО-да емес, жылу желілерінде болғанын нақтылады.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа ел қалаларындағы проблемалық энергетикалық активтерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесін қарауды тапсырған еді.