Еліміздің жас жұлдызы финалда Польшаның осы жастағы бірінші ракеткасы Ян Парадовскиймен кездесті.
Алматы теннис мектебінің түлегі қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Жарыс барысында Роберт бірде-бір сетте ұтылған жоқ.
Жұптық сында Роберт литвалық Марк Тверсиймен бірге финалда тартысты бәсекеде Беларусь өкілдері Коран – Свитловқа есе жіберді. Есеп – 6:1, 4:6, 5:10.
Роберт Каминский үшін биылғы жыл табысты болды. Ол осымен Tennis Europe сериясы бойынша жекелей сында үшінші титулына қол жеткізді. Биылғы маусымда Амал Сұлтанбековтің шәкірті 30 матч өткізіп, соның 26-сында жеңіске жетті.