26 қарашада №3 әзірлемелерді үздіксіз құю машинасының болат шөміш қақпасына металл төгілді.
«Технологиялық персонал төтенше жағдайда тиісті процедураларды толық орындады. Металл арнайы шұңқырға құйылды. Конвертер цехы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ӘҮҚМ-3-ті сынақтан өткізу және іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ», делінген «АрселорМиттал Теміртау» баспасөз қызметінің хабарламасында.