Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің қарым-қатынастары сауда-экономикалық салада айтарлықтай жетістіктерге жеткен, деп жазады Egemen.kz.

– Біз Ресей Федерациясымен арадағы ынтымақтастықты бағалаймыз. Бүгінгі сапар өте мазмұнды болды. Бұл – менің және Владимир Владимировичтің пікірі. Біз менің Мәскеуге жасаған сапарымның нәтижесіне көңіліміз толатынын білдірдік. Декларацияға қол қойылды. Сонымен қатар біз сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы өзара іс-әрекеттеріміздің өзекті мәселелерін талқыладық. Шекара маңы аудандарының ынтымақтастық форумын аштық. Жаңа ғана сауда-саттықтың басты көрсеткіштері аталып өтті. Шын мәнінде, былтыр тауар айналымы 24,5 миллиард долларды құрады. Биыл қазірдің өзінде бұл көрсеткіштерге қол жеткізілді. Бірақ жылдың соңына дейін әлі де жаңа сандар мен жаңа көрсеткіштер пайда болады, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған белсенді әрі табысты жұмысы үшін Михаил Мишустинге алғыс айтты.
Өз кезегінде Михаил Мишустин мемлекеттер басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды нақты жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.
– Сіз Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайланғаннан кейінгі алғашқы сапарыңызды Ресей Федерациясына жасағаныңыз маңызды. Бұл ресейліктер мен қазақстандық серіктестер арасындағы көп ғасырлық достыққа негізделген бауырластық, одақтастық қарым-қатынастың одан әрі нығая түсетінін көрсетеді. Жаңа ғана Кремльде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргіздіңіздер. Сіздер бүгін дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай бірлескен Декларацияға қол қойдыңыздар. Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығын нығайту жөнінде стратегиялық шешімдер қабылданды. Біздің, яғни екі ел үкіметтерінің алдында президенттеріміз келіскен уағдаластықтарды жүзеге асыру міндеті тұр, – деді Ресей Үкіметінің төрағасы.
«Ақ жол» үміткерлерін анықтады
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Саясат • Кеше
Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?
Экономика • Кеше
Қоғам • Кеше
Тариф және инвестиция: тығырықтан шығар жол
Сұхбат • Кеше
Төтенше жағдай • Кеше
Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа аманат
Халық • Кеше
Пікір • Кеше
Қарттар үйі: алуан түрлі тағдырлар
Халық • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Өндірістік жарақат азаймай тұр
Еңбек • Кеше
56 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген
Мектеп • Кеше
Директорларды ротациялау: Артықшылығы мен кемшілігі
Білім • Кеше
Қоғам • Кеше
Қылмыс • Кеше
Тарих • Кеше
«Қаныш» фильмі көрерменге жол тартты
Кино • Кеше
Театр • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Поэзия • Кеше
Аймақтар • Кеше
Экология • Кеше
Жеңіл атлетика • Кеше
Жәдігер • Кеше
Кәсіпқой бокс • Кеше
Спорт • Кеше
Бас жүлде Карякин мен Гириге бұйырды
Спорт • Кеше
Қазақстан Ресейдегі Сауда өкілдігін жабуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Шетелден әкелінген 9 мыңнан аса көлік заңдастырылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда 14 ірі химиялық кәсіпорын іске қосылады
Қазақстан • Кеше
Астана мен Претория арасында әріптестік артады
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар