Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының кезекті күнінде жанкүйерлер тартысқа толы төрт матчты тамашалады. Жексенбі күні жасыл алаңға E тобындағы Жапония – Коста-Рика, Испания – Германия, ал F квартетіндегі Бельгия – Марокко, Хорватия – Канада құрамалары шығып, маңызды ұпайларды сарапқа салды.

F тобының екінші тур аясындағы Бельгия мен Марокко арасындағы матчта әлем чемпионатының тағы бір сенсациясы тіркелді. Бірінші турда 2018 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Хорватиямен терезесі тең дәрежеде өнер көрсеткен Марокко екінші турда биылғы біріншіліктің негізгі фавориттерінің бірі болған Бельгияны екі доп айырмасымен сүріндірді. Дохадағы Әл-Тумама стадионында өткен кездесуде 49 жастағы испаниялық маман Роберто Мартинес жетекшілік ететін Бельгия құрамасы қарсыластарына қарағанда әлдеқайда белсенді болғанымен, бірде-бір гол соға алмады. Кездесудің небәрі бесінші минутында Миши Бачуай (Бельгия) есепті ашатын тамаша сәтті мүлт жіберіп алды. Қақпашымен бетпе-бет шыққан шабуылшы допты қақпаның төменгі сол жақ бұрышына қарай тепкен еді. Алайда Марокко қақпашысы Мунир тамаша сэйвімен жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Бірінші таймның соңына дейін бельгиялықтар қарқынын бір сәтке де бәсеңдетпей, қарсыластары қақпасын торуылдаумен болды. Ал Африка құрлығының өкілдері тек қарымта шабуылға иек артты. Сондай сәттердің бірінде Хаким Зиеш (Марокко) Куртуа қорғаған қақпадан саңылау тапқан еді. Бірақ ВАР көмегіне жүгінген төреші Зиештің ойыннан тыс қалғанын анықтап, голды есептемей қойды.
Дегенмен, екінші таймда Марокко футболшылары ойынды өз бақылауларына алып, допқа көбірек иелік ете бастады. Кездесудің 73-минутында Әбделхамид Сабири айып добын сәтті орындап, командасын есепте алға шығарды. Роберто Мартинес таразы басын теңестіру үшін тәуекелге барып, алаңға қорғаушылардың орнына шабуылшыларды шығарды. Бірақ бұл өзгерістер де Бельгияны жеңілістен құтқарып қала алмады. Екінші таймға төреші қосқан қосымша минуттарда Закария Әбухлял қақпаны дәл көздеп, есепті 2:0-ге жеткізді. Осылайша, бір жеңіс, бір тең нәтижемен Марокко құрамасы төрт ұпаймен өз тобында екінші орынға көтеріліп алды. Осыдан төрт жыл бұрын Ресей жерінде өткізілген әлем біріншілігінде Марокко топтық кезеңнен өте алмаған болатын. Ал Бельгия құрамасының қола жүлдегер атанғаны баршаға мәлім.
Бұл топтағы екінші матчта Хорватия футболшылары камбэк жасап, Канаданы 4:1 есебімен тас-талқан етті. Матчты «үйеңкі жапырақтар» елінің өкілдері сәтті бастағанымен, кездесу соңына дейін есептегі басымдығын сақтап қала алмады. Кездесудің екінші минутында Канада құрамасының ойыншысы Альфонсо Дэвис есеп ашқанымен (бұл биылғы әлем чемпионатында ең жылдам соғылған жалғыз гол болып тұр), хорватиялықтар тоқсаныншы минут түгесілгенге дейін Канада қақпасына төрт гол енгізді. Бірінші таймның 36 және екінші таймның 76-минутында Андрей Крамарич екі рет мергендігімен көзге түсіп, дубльдің авторы атанса, Марко Ливайя мен Ловро Майер өз аттарын бір-бір мәрте таблоға жаздырды.
Хорватия құрамасы бұл жеңісінен кейін плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Ал 1986 жылғы әлем чемпионатынан кейін алғаш рет мундиальға келген Канада футболшылары үшінші турдан кейін біріншіліктегі өз миссиясын аяқтап, елдеріне қайтады.
Бірінші турда «неміс мәшинесін» жарға жыққан Жапония жігіттерінің бұл турда Коста-Рика құрамасын жеңуге шамалары жетпеді – 1:0. Күншығыс елінің өкілдері бар күшін Германиямен өткен ойында сарқып қойды ма екен, әйтеуір бұл матчта көсіліп шаба алмады. Допқа иелік ету бойынша Жапония құрамасы қарсыластарына қарағанда сәл алда болғанымен, мүмкіндікті тиімді пайдалану жағынан Оңтүстік Америка өкілінен қалып қойды. Кездесудің 81-минутында Майя Йосиданың бір ғана болмашы қателігін Кейшер Фуллер тиімді пайдаланып, гол соғып кетті. Сюити Гонда допты қайтаруға тырысқанымен, тым кеш қимылдап қойды.
Ал көпшілік жанкүйер тағатсыздана күткен Испания – Германия матчында жеңімпаз команда анықталмады – 1:1. Әлем біріншілігіндегі ең үздік құрамалардың кездесуінде небәрі екі-ақ гол соғылғанымен, матч өте тартысты өтті. Әсіресе бұл кездесуде немістерге үш ұпай олжалау қатты маңызды болды. Себебі бірінші турда Жапониядан жеңілген Германия құрамасы бұл ойында да үш ұпайдан қағылар болса, онда қатарынан екінші әлем чемпионатында топтан шыға алмай, жанкүйерлері алдында масқара болар еді. Абырой болғанда 2014 жылғы әлем чемпиондары топтағы екінші матчта бір ұпай олжалап, келесі кезеңге шығу мүмкіндігін сақтап қалды.
Бес өңірдегі Президент резиденциялары балалар игілігіне беріледі
Қоғам • Бүгін, 13:07
Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат ресімдеу қағидалары өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 12:53
Мексика әйгілі құтқарушы иттерін Түркияға көмекке жіберді
Әлем • Бүгін, 12:42
Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәби құтқарылды
Әлем • Бүгін, 12:30
«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Ақмолада қосалқы электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге ұрланды
Қаржы • Бүгін, 12:05
Оқиға • Бүгін, 11:51
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент • Бүгін, 11:44
Қазақстан және араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Саясат • Бүгін, 11:33
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады
Сайлау • Бүгін, 11:22
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:15
Оралда жанармай талонмен беріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
Сайлау • Бүгін, 10:58
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:45
Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 10:32
Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлем • Бүгін, 10:03
Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:55
Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады
Әлем • Бүгін, 09:43
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 5800-ден асты
Әлем • Бүгін, 09:35
Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:20
8 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
Президент Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Президент • Бүгін, 09:07
Сайлау • Бүгін, 08:58
Жаңа медиа және ғалам экономикасы
Қоғам • Бүгін, 08:55
Егіске несие беру жалғасып жатыр
Несие • Бүгін, 08:50
Қазақстан • Бүгін, 08:45
Инвестиция • Бүгін, 08:40
«Қара пима» көрерменге ой салды
Театр • Бүгін, 08:35
Марапат • Бүгін, 08:35
«Grand Slam» жарыстары елімізде өтеді
Спорт • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 00:28
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары
Үкімет • Бүгін, 00:26
«Ерекше театрдың» елордадағы премьерасы
Театр • Бүгін, 00:24
Пікір • Бүгін, 00:21
Ұқсас жаңалықтар