Осы Ауыл шаруашылығы министрі мал дәрігері деген мамандардың барын біле ме екен? Қысы-жазы төрт түліктің соңында салақтап жүрген мал дәрігерлерінде не мәртебе, не мардымды жалақы жоқ. Білесіздер, малдан шыққан індет адамға тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан да шығар, «дәрігер адамды, мал дәрігері адамзатты емдейді» дейді. Дегеннен не пайда?! Ветеринарияның берекесі кетіп тұрса...

Суретті түсірген автор
Өткен аптада Абай облысына қарасты Көкпекті ауданына барғанбыз. Ауыл шаруашылығы әлеуетті ауданның экономикалық даму қарқыны, әлеуметтік әл-ауқаты жаман емес дер едік. Дегенмен өзге өңірлердегідей үлкен проблемасының бірі – мал дәрігерлерінің жетіспеушілігі. Жетіспейтін жөні де бар. Тобықтан қи кешіп, қора-қораны аралап жүргісі келетін жастар қайда?! Оның үстіне, көңіл көншітер жалақы да, жұмыс істеуге жағдай да жоқ. Қордаланған мәселені шешу үшін ветеринария саласын тез арада реформалау керек. Басқа амал жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы Жолдауында «Ветеринария жүйесін реформалау бойынша шаралар қабылдануы керек. Мал басының амандығы тиімді жұмысқа байланысты. Сондықтан қажетті мамандарды дайындау ветеринария қызметі сапасын арттырып, жүйелі жұмыстардың орындалуына серпін болмақ» деген еді. Бірақ тиісті басшылар Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындады ма? Жоқ. Орындалса, аудан-аудандағы мал дәрігерлерінің тоз-тозы шығып жүрмес еді ғой.
Жыл сайын бұл мамандық бойынша 1 200 адам диплом алғанымен, олардың тең жартысы басқа жұмыс іздеп кетеді. Себебі мал дәрігерінің еңбекақысы аз, материалдық жағдайы жұтаң. Саланы жақсарту үшін 2020 жылдан бастап облыстық бюджеттен қаржыландыруға ауыстырылған. Одан соң да жағдайы оңалмады. Оған дәлел, Көкпектідегі ветеринарлардың жағдайы. Жо-жоқ, мал дәрігерлерінің материалдық базасы Көкпектіде ғана жұтап жүрген жоқ, айтып өткендей, барлық ауданға тән проблема.
– Үй-үйді аралау үшін үкіметтен берілген көлік жоқ. Округ бойынша жалғыз «Нива». Округте бес ауыл бар. Көлігі барлар өз көліктерін мінеді. Өзім жаздың күндері жаяу аралап қан аламын, екпесін жасаймын. Зейнетте болсам да жұмыстан қол үзген жоқпын, – дейді қырық жылдан астам ветеринар болып жүрген Қизат Түсіпжанов.
Көмектеспеске амал жоқ. Жастар жағы мал емдеуге жоламайды. Жалпы, Көкпектіде 12 ветеринар болуы керек болса, қазір 6-7 маман ғана жұмыс істейді. Әр маман аз дегенде 4-5 ауылдың малына қарайды. Елестете беріңіз. Қырық жыл мал дәрігері болған маманның айтуынша, бұл салада шешілмеген мәселе шаш етектен. Басқасын айтпағанда, қан алуға арналған қарапайым иненің өзі сапасыз. Сондықтан қалталарынан тиын шығарып, өздері сатып алуға мәжбүр. Тағы бір айта кетерлігі, малды қамап қан алуға, екпе жүргізуге арналған қоршаудың жоқтығы. Қоршау жоқ емес, бар. Бірақ ветеринарияның талаптарына сай емес. Арнайы барып, ауыл шетіндегі қоршауды да көрдік. Алқам-салқам.
– Бұл жердің жалпақтығы 70 сантиметр болуы керек еді. Ешкіммен ақылдаспай, өз білгендерімен салып кеткен. Қан алуға немесе екпе жасауға өте қолайсыз, – дейді зейнеткер ветеринар.
Келісіп пішсе, тон келте болмас еді. Темір-терсекпен айқыш-ұйқыш қоршалған қоршаудың бір жылға жетпей жұлма-жұлмасы шыққан. Қолайсыз жерде мал егіп жүрген ветеринарлар бірнеше рет жарақаттанып та қалған. Бірақ өндірістік жарақат алдық деп арызданған емес. Ауыл үшін деп еңбектеніп келе жатқаннан басқа бөтен ойлары жоқ.
– Жалпы бір ауылға бір қоршау жетеді. Ал Көкпекті сияқты ауылдық округте малды бір ауылдан екінші ауылға айдап әкеле алмайсың. Бізге Көкпекті округіне үш қора керек. Кейбіреу өздері лекерлеп жасаған болады. Алайда мал дәрігеріне алаңсыз қанын алып, екпесін жасайтындай жағдай керек, – дейді мал дәрігері Бауыржан Сарманов.
Ветеринарлардың айтқан проблемалары аз емес. Арнайы киім-кешек те жоқ. Иә, жоқтан басқа не айтады?! Сондықтан да, білікті мал дәрігерлері үшін жеке шаруашылықтарда еңбек еткен тиімді екен.
Рая Әйкенова бұрын Жарма ауданындағы ауылдардың бірінде ветеринар болыпты. 15 жыл бұрын өңірдегі ірі агро холдингке ауысып кеткен. Қырық жыл осы салада еңбек етіп, зейнетке шықса да өзінің мамандығынан қол үзгісі келмейді.
– Жеке шаруашылықта жұмыс істеп жүрміз. Жұмыс орнымыз жақсы. Ал мемлекеттік мекемеде жүрген мал дәрігерлері қиналады. Оларда мынадай еркіндік жоқ. Жұмыс істеу үшін жағдай да жасалмаған, – дейді Рая Әйкенова.
Біз бас сұққан бұл кешенде 60 сиыр күндіз-түні жемделіп, сауылады. Оларға кемі екі ветеринар қарайды. Енді қараңыз; бір ауылда мың сиыр болса, оған 4-5 мал дәрігері ғана қарайды. Жекеменшік пен мемлекеттік қызметтің арасындағы айырмашылықты осыдан-ақ байқауға болады.
Көп ауылдағы ветеринарлық бөлімдердің аты бар да, заты жоқ. Техникалық базаның жаңармағанына 10 жыл болған. Мамандардың көбі өз көліктерімен жүреді. Ал облыстағы ветеринария саласына жауапты басшылар мемлекеттік қадағалау, бақылау мен ветеринарлық қызмет көрсетуді бір мекемеге біріктірген жөн деседі.
– Ветеринарлық басқарма жергілікті бюджеттен қаржыландырылса, мемлекеттік бақылау, қадағалау комитеті республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Соны біріктіріп, бір ғана басшы басқарғаны дұрыс, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Ертай Батхолдин.
Ветеринар мамандар ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткенімен, мәртебесін айқындайтын нақты заң әлі жоқ. Сондықтан олар әлеуметтік жағынан қорғалмай келеді.
«Жаңа Қазақстан» құрамыз деп жатырмыз. Президент ауылға көңіл бөлу керектігін айтып қуантты. Оның үстіне еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі тиіс деді. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде қолға алсақ, ветеринарлар да назардан тыс қалмаса екен дейміз.
Абай облысы
Түркиядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны алты мыңнан асты
Әлем • Бүгін, 14:11
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігі қандай мақсаттарға жиі жұмсалады?
Қоғам • Бүгін, 13:59
Тың идея: үздік бизнес жобаларға грант беріледі
Қоғам • Бүгін, 13:48
Түркияда тағы екі отандасымыз жоғалып кетті
Оқиға • Бүгін, 13:30
Эстонияның теңіз академиясы Қазақстан студенттерін оқытуға дайын
Білім • Бүгін, 13:15
Бес өңірдегі Президент резиденциялары балалар игілігіне беріледі
Қоғам • Бүгін, 13:07
Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат ресімдеу қағидалары өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 12:53
Мексика әйгілі құтқарушы иттерін Түркияға көмекке жіберді
Әлем • Бүгін, 12:42
Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәби құтқарылды
Әлем • Бүгін, 12:30
«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Ақмолада қосалқы электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге ұрланды
Қаржы • Бүгін, 12:05
Оқиға • Бүгін, 11:51
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент • Бүгін, 11:44
Қазақстан және араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Саясат • Бүгін, 11:33
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады
Сайлау • Бүгін, 11:22
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:15
Оралда жанармай талонмен беріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
Сайлау • Бүгін, 10:58
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:45
Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 10:32
Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлем • Бүгін, 10:03
Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:55
Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады
Әлем • Бүгін, 09:43
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 5800-ден асты
Әлем • Бүгін, 09:35
Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:20
8 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
Президент Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Президент • Бүгін, 09:07
Сайлау • Бүгін, 08:58
Жаңа медиа және ғалам экономикасы
Қоғам • Бүгін, 08:55
Егіске несие беру жалғасып жатыр
Несие • Бүгін, 08:50
Қазақстан • Бүгін, 08:45
Инвестиция • Бүгін, 08:40
«Қара пима» көрерменге ой салды
Театр • Бүгін, 08:35
Марапат • Бүгін, 08:35
«Grand Slam» жарыстары елімізде өтеді
Спорт • Бүгін, 08:30
Ұқсас жаңалықтар