Пікір • 29 Қараша, 2022

Заңсыз қаражат қайтарылады

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде халық алдында ант берді. Осылайша, Қазақстан өз дамуының жаңа дәуіріне қадам басты.

Заңсыз қаражат қайтарылады

Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасының түйінді тұстарын атап өтіп, алдағы кезеңде еліміздің даму бағыттарын да көрсетті. Ауылды дамыту мемлекеттің жақын болашақтағы бірінші кезектегі міндеті ретінде көрсетуі бола­шаққа сенім ұялатады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл­ды дамыту туралы Жарлыққа қол қоятынын айтты. «Бүгінде халықтың 40 пайызға жуығы ауыл­дық жерлерде тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халық бекер айтпаған. Сондықтан ауыл­дағы жағдайды жақсарта алмасақ – бәрімізге сын. Осы мақсатта бүгін Үкіметке 5 жыл мерзімге ауылды дамыту тұ­жырымдамасын әзірлеуді тапсыратын Жарлыққа қол қоямын. Бұл менің жаңа президент­тік мерзім аясындағы бірінші Жарлығым болмақ», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әділдік пен заңдылықтың бірлігі – негізгі моральдық бастама. Сондай-ақ Мемлекет басшысы барлық заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару туралы Жарлыққа қол қойды. Ол үшін Үкімет әділетсіз баюға және активтерді заңсыз шыға­руға ықпал еткен себептер мен шарттарды жоюға бағытталған заң жобасын дайындайды. Барлық қай­тарылған қаражат азамат­тардың игілігі үшін жұм­салуға тиіс.

Түрлі саладағы ұстанымын нақты айқындап берген Прези­дент халық мүддесі бәрінен де жоғары екенін қадап айтты. Ал бұл еліміздің алға қойған биік мақсаттарға жету жолында рефор­ма­лар мен жаңғыру жолын жалғас­тыратынына сенімді одан әрі нығайта түседі.

 

Ильяс БУЛАРОВ,

Мәжіліс депутаты