29 қарашада ауа температурасының төмендеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Сондай-ақ Өскемен қаласы мен Алтай, Тарбағатай, Ұлан, Глубоковский, Самара, Катонқарағай, Шемонаиха, Зайсан және Күршім аудандарында 0-11 сыныптар, ал Риддерде 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.
Абай ауданында 1-11 сынып оқушылары, сонымен қатар бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2-курс студенттері қашықтан оқытуда.
Қызылордада да ауа райының қолайсыздығы мен екпінді желдің салдарынан 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқитын болады.
Сондай-ақ Қарағандыда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды.