Оқиға • 29 Қараша, 2022

«Алматы-2» вокзалында өрт шықты

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы-2 вокзалының ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы-2» вокзалында өрт шықты

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша,  сағат 14:08-де вокзал ғимаратының жоғарғы жағынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Бұған дейін алаңда 100 шаршы метр аумақта вокзалдың бас ғимараты шатырының ағаш жәшігі өртеніп кеткен. Адамдар ғимараттан өз бетінше шыққан, зардап шеккендер жоқ», делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрт сағат 14:30-да сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар