Қаржы • 29 Қараша, 2022

Доллар бағамы қайта өсті

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 468,43 теңгені құрап, тағы 0,42 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы қайта өсті

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы сәл өсіп, 65,27 теңгені (+0,42) құрады.

Еуро және Ресей рублі бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын - 488,82 теңгеге, рубльді - 7,7 теңгеге белгіледі.

Осылайша, айырбастау пункттерінде долларды 467,5-471 теңгеден, еуроны - 484-490,5 теңгеден, ресей рублін - 7,25-7,45 теңгеден сатып алады/сатады.

Айта кетсек, 29 қарашадағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы да біршама өсті.

Мәселен, Brent маркалы қаңтар фьючерстерінің құны 2,37%-ға өсіп, барреліне 85,16 долларды құрады.

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы 1,98%-ға көтеріліп, барреліне 78,87 долларға жетті.