Қыс хабары білінер тұста тау жұпарымен тыныстап, шаңғы тебу үшін Алматыға ағылатын жұрттың қарасы қалыңдайды. Алатау баурайының туристік әлеуетін танытып, қонақтарын құшақ жая қарсы алатын Шымбұлақ кезекті рет қысқы маусымын ашты.

Көне шаһардың көркіне көзайым болып демалыс маусымын Шымбұлақпен байланыстыратын шетелдіктердің денін Ресей мен Қытай азаматтары құраса керек. Көршілес қос мемлекеттен кейін оңтүстіккореялықтардың үлес салмағы басым. Соңғы екі жылдың үлесіне кіретін бұл статистика әлемдегі күрделі геосаяси жағдайларға байланысты биыл мүлде өзгеруі мүмкін. Есесіне ішкі туризмнің тынысы кеңеймек. Туризм саласының сарапшылары, пандемия белең алғаннан бастап отандастарымыз өз елінің көрікті жерлерінде демалуға ден қойғандарын, осының әсерінен ішкі туризмнің арнасы кеңейгенін айтады.
Биылғы маусымда келушілер жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын 20 шаңғы мен шана жолағын пайдалана алады. Жалпы, Шымбұлақ тау шаңғысы курортында ұзындығы 25 шақырым болатын әртүрлі қиыншылықтағы 14 еңіс бар. Осы қыста Шымбұлақта Almaty Extreme Games және Happy Hour Camp фестивальдарын, сондай-ақ фристайл могул және фристайл акробатикасынан 2022/23 жылғы әлем чемпионатының Гранд финалын өткізу жоспарлануда.
Шымбұлақ шатқалына айдындай тайғанақ мұз жолдарын жаны сүйетін шаң-ғышылар, шеберліктерімен таңғалдыратын сноубордшылар көптеп келеді. Себебі бұл жерде арнайы отырғышы бар көтерме жолдармен теңіз деңгейінен 3163 метр биіктіктегі Талғар асуына шығу мүмкіндігі бар. Мұндағы асудан түсетін жер өте тік болғандықтан, кәсіби шаңғышылар үшін арманға қанат бітіретін таптырмас орын. Ал еш жерде қайталанбайтын атмосферадан қала тұрғындары ерекше рухани күш алатынын айтады. Жайлы климат, төбеден төгілген күн шуағы, тұрақты қар жамылғысы Табиғат-ананың таңғажайып сыйы. Табиғат аясында тыныстауға таптырмас орын келушілерін үлкен шаңғы трассасымен тәнті етеді. Бір ғажабы, Шымбұлақтағы қалың қар қабаты желтоқсаннан сәуір айына дейін ерімейді.
АЛМАТЫ
5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды
Қазақстан • Бүгін, 19:42
Атырау облысында жол апатынан жолаушы қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Елена Рыбакина AusOpen турнирінің финалында жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 17:43
Сенатор Гүлмира Кәрімованың неден қайтыс болғаны белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 17:23
Өзбекстан азаматынан психотроптық заттар тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 17:05
Сенатта жер кадастрын жүргізу тәртібін жетілдіру мәселелері талқыланды
Парламент • Бүгін, 16:57
Будапештте Түркі инвестициялық қорының президентіне құрмет көрсетілді
Әлем • Бүгін, 16:09
Сенаторлар Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жұмысына қатысты
Парламент • Бүгін, 15:54
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Қазақстан • Бүгін, 15:47
Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты
Экономика • Бүгін, 14:25
Таразда 19 жастағы қыз биік ғимараттан секіріп кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:05
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Қазақстан • Бүгін, 13:20
Павлодарда автобус пен екі автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 13:04
Тимофей Скатов Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 12:45
Елордада газель автокөлігі жанып кетті
Елорда • Бүгін, 12:18
Елена Рыбакина Арина Соболенкомен кездеседі
Спорт • Бүгін, 11:53
Астаналық тұрғын ХҚКО-ның бірінен телефон ұрлады
Елорда • Бүгін, 11:29
Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы ауыр
Коронавирус • Бүгін, 10:55
Әлихан Смайылов Шымкентті жылумен жабдықтаудағы кемшіліктерді атады
Аймақтар • Бүгін, 10:17
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:07
ШҚО-да алып бала дүниеге келді
Аймақтар • Кеше
«Барыс» клубы «Тракторды» жеңіп, плей-оффқа өтті
Теннис • Кеше
Жеті өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Альбина Кәкенова Аустралиядағы турнирдің финалисі атанды
Теннис • Кеше
Алматыда жасөспірім қыз жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Кеше
Исламабадта Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды
Қазақстан • Кеше
Дархан Қыдырәлі LinkedIn компаниясының өкілімен кездесті
Қазақстан • Кеше
Қазақстан елшісі Болгария президентіне сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан • Кеше
Президент теміржол инфрақұрылымын дамытуды тапсырды
Президент • Кеше
Қазақстан елшілігі Корея Кеден қызметінің наградасына ие болды
Қазақстан • Кеше
Лиссабонда Қазақстанда өтетін парламент сайлауы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұқсас жаңалықтар