Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек» деп атап өткен еді.

Ұлт денсаулығының мықты болуы саламатты өмір салтына, спортқа байланысты екені белгілі. Әсіресе ауылдық жерлерде спортты дамытуға көңіл бөлудің маңызы үлкен. Ол үшін арнайы бағдарлама, мемлекеттік қамқорлық қажет те шығар. Десек те, өздерінің күш-жігерімен, адал еңбегімен ауыл спортын дамытып жатқан мекемелер де бар, азаматтар да жетерлік. Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының Қазтай Ұлтарақов ауылында (бұрынғы Масақ ауылы) бұқаралық спортты дамыту ісі жағы жақсы жолға қойылған. Ауылда бірнеше жылдан бері тынбай еңбектеніп, осы елдік іске өз үлесін қосып келе жатқан санаулы маманның бірі – Ерболат Әлиасқаров.
Ерекеңмен әңгімелесе қалсаңыз, күрес өнерімен 1976 жылдың күз айынан бастап айналыса бастағанын, алғашқы жаттықтырушысы еркін күрестен спорт шебері Рыскелді Жақабаев болғанын мақтанышпен айтады. Сол білікті маманның жаттықтыруымен кезінде талай жыл намысты қолдан бермей, аудан, облыстық жарыстардың жүлдегер, жеңімпазы болғанын тілге тиек етеді.
Спорт оның өмірінің мәніне айналғанына сол сәтте көз жеткізесіз. Тіпті сонау қылшылдаған жас кезінде, әскер қатарында жүрген кездің өзінде, еркін күрестен түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, талай мәрте жеңімпаз болған.
Студент кезінде де спорттан қол үзген жоқ. Алматы сәулет құрылысы институтында оқып жүріп, самбо және дзюдо күресіне қатысып, шеберлігін шыңдады. Жаттығу кезінде тер төгу текке кеткен жоқ. Украинаның астанасы Киев қаласында студенттер арасында өткен халықаралық жарыста қола жүлдеге ие болды.
Ерболат Нариманұлы дзюдо күресінен алғашқы тәлімгері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амангелді Смағұловтан үйренгені көп екенін айтады.
– Боз кілемге шығып, шеберлігіңді дәлелдеген жеңісті кездер әрдайым көкейіңде сайрап тұрады екен. Дегенмен, уақыт келе мамандық бойынша еңбек жолын бастауға бел будым. 1998 жылы Масақ орта мектебінің директоры Роза Саитованың (артына өнегесін қалдырған жақсы адам еді) шақыруымен дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрдым. Қазақ спорт және туризм академиясын қызыл дипломмен бітіріп келген соң, ауыл балаларына қазақ күресі және дзюдо күресін үйретуге біржолата бет бұрдым.
«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деп бекер айтылмаған ғой. Өзім барымды салып жаттықтырған шәкірттерім аз емес. Олардың жетістіктеріне жаным сүйсініп, көңілім марқаяды. Кейде жеңілістің ащы дәмін татқан сәттерде іштей құлазығанмен, оларды жігерлендіріп, қателіктерінен сабақ алуға шақырамын.
Шәкірттерің жарыстардан жеңімпаз болып оралып жатса, маңдай тер, адал еңбегіңнің ақталғанына балаша қуанасың. Сондай маған қуаныш сыйлаған маңдайалды шәкірттерімді әркез мақтан етемін. Атап айтқанда, Руслан Жақабаев, Юлдаш Насирдинов, Құдірет Насирдинов, Жанболат Усабаев, Дархан Әлімхан, Дастан Тоғатаев, Бейбіт Искаков, Айдос Асан, Рамазан Арипжанов сынды шәкірттерім облыстық, республикалық деңгейдегі дүбірлі додаларда жеңімпаз болып, жүлдегерлер қатарынан көріне білді.
Қыздар арасында Ақбота Смәтәлі Маңғыстау облысында өткен республикалық турнирде жеңістің биік тұғырына көтеріліп, спорт шеберлігіне үміткер дәрежесіне ие болды. Алуа Мұқан Есік қаласында өткен Алматы облысы бойынша ауыл ойындары чемпионатында жүлделі 2-орынды иеленді, – дейді Ерекең.
Иә, жаттықтырушының айтуынша, бүгінде ауыл спортының дамуына белсене атсалысып жүрген, әсіресе талантты деген спортшы жастардың жеңіс баспалдағымен көтерілуіне аға буынның қосқан үлесі өте зор. Олар да кезінде талай биікті бағындырған танымал спортшылар екенін осы саланың айналасында жүрген көпшілік жақсы біледі, жастар соларға қарап бой түзейді.
Есімдері елге белгілі ауыл спорты саңлақтарының өмірбаяны жастарға әрдайым үлгі-өнеге болмақ. Олардың қатарында Елмұрат Қайыпжанов та бар. Ол кикбоксингтан Әлем кубогының иегері, Еуропаның екі дүркін чемпионы, Азия чемпионы, Әлем чемпионатының екі дүркін қола медалінің жүлдегері, еліміздің құрама командасының капитаны.
Елмұрат Мұқашұлы Шелек ауданы Нұра ауылында дүниеге келген. Нұра ауылындағы Ораз Жандосов атындағы орта мектепті тәмамдады. Қазақ дене тәрбиелеу мәдениеті институтын дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт мамандығы бойынша аяқтады. Институт қабырғасында жүріп, қазақ спортына орасан зор үлесін қосты. Спортты дамытуға сіңген еңбегі үшін «Қазақстан спорты» және «Жетісу» энциклопедиясына өмірбаяны енді. «Алтын Қыран», «Жомарт жүрек» медальдарымен марапатталды, «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы».
Қазір Еңбекшіқазақ ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып еңбек етіп жүр. Е.Қайыпжановтың басшылығымен Шелек өңірінің әр ауылында спорт үйірмелері, қазақ күресі, дзюдо күресі, еркін күрес, бокс, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ және басқа да спорттық үйірмелер ашылып, жас мамандар жұмыс істей бастады.
– Басқа жақсы жақтарын былай қойғанда, спорт адамды сергектікке, төзімділікке, жауапкершілікке, табандылыққа шыңдайды. Спорттағы жетістіктері арқылы елін төрткүл дүниеге танытады. Қазір Генадий Головкинді әлемде кім білмейді?! Оның есімі аталса болды, Қазақстан еске түседі. Сондықтан біздің танымал спортшылар алақандай Масақ ауылын аудан, облыс, республикаға жұртшылығына танытып жүр. Біз олармен мақтанамыз, жастар олардың жеңісті жолын жалғастыра береді деп сенеміз.
Жас спортшыларды тәрбиелеуде Руслана Мамбеткалимова, Айнагүл Усабаева, Амантай Мешітбаев, Айбек Анисов сынды Масақ орта мектебі дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері ұзақ жылдан бері табанды еңбек етіп келеді.
Біздің басты міндетіміз – денсаулығы мықты, ойы сергек, жан дүниесі таза жастарды тәрбиелеу. Сол жолда қажымай-талмай еңбектене беретін боламыз, – деп сөзін түйіндеді Ерболат Нариманұлы.
Ауыл спортының тәжірибелі тәлімгері Масақ ауылында өтіп жатқан спорттық іс-шараларға демеушілік көрсетіп жүрген Болатжан Нұрбеков, Қахарман Ибрагимов, Жандос Рақым, Дидар Ханжазов, Имаш Байбатшаұлы, Ермек Ережепов, Нұрсұлтан Әлиасқаров, ауыл әкімі Ертай Нұрмұханов, Масақ орта мектебінің директоры Роза Тойбаеваларға көпшіліктің ризашылығы шексіз екеніне тоқталды.
Иә, спорттың үлкен-кішісі жоқ. Дегенмен, ауыл спортын, оның ішінде бұқаралық спортты дамытудың маңызы күн өткен сайын артып келеді. Ауыл спортын дамытуға жанын салып, шашасына шаң жұқпас шын таланттарды тани біліп, үлкен додаға қосып, жеңісті жолдарға бастап жүрген тәжірибелі тәлімгерлер ғой.
Тағылымы терең тәлімгерлердің табанды еңбегі әркез жемісті болсын.
Нұрлан ҚАЛҚА,
журналист
Тың идея: үздік бизнес жобаларға грант беріледі
Қоғам • Бүгін, 13:48
Түркияда тағы екі отандасымыз жоғалып кетті
Оқиға • Бүгін, 13:30
Эстонияның теңіз академиясы Қазақстан студенттерін оқытуға дайын
Білім • Бүгін, 13:15
Бес өңірдегі Президент резиденциялары балалар игілігіне беріледі
Қоғам • Бүгін, 13:07
Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат ресімдеу қағидалары өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 12:53
Мексика әйгілі құтқарушы иттерін Түркияға көмекке жіберді
Әлем • Бүгін, 12:42
Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәби құтқарылды
Әлем • Бүгін, 12:30
«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Ақмолада қосалқы электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге ұрланды
Қаржы • Бүгін, 12:05
Оқиға • Бүгін, 11:51
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент • Бүгін, 11:44
Қазақстан және араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Саясат • Бүгін, 11:33
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады
Сайлау • Бүгін, 11:22
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:15
Оралда жанармай талонмен беріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
Сайлау • Бүгін, 10:58
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:45
Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 10:32
Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлем • Бүгін, 10:03
Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:55
Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады
Әлем • Бүгін, 09:43
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 5800-ден асты
Әлем • Бүгін, 09:35
Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:20
8 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
Президент Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Президент • Бүгін, 09:07
Сайлау • Бүгін, 08:58
Жаңа медиа және ғалам экономикасы
Қоғам • Бүгін, 08:55
Егіске несие беру жалғасып жатыр
Несие • Бүгін, 08:50
Қазақстан • Бүгін, 08:45
Инвестиция • Бүгін, 08:40
«Қара пима» көрерменге ой салды
Театр • Бүгін, 08:35
Марапат • Бүгін, 08:35
«Grand Slam» жарыстары елімізде өтеді
Спорт • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 00:28
Ұқсас жаңалықтар