
«2022 жылғы 30 қарашада Екібастұзда Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі жылусыз қалған 17 көппәтерлі тұрғын үйді жылыту жүйелеріне қосу үшін Қазақстанның басқа өңірлері мен кәсіпорындарынан – Астана, Павлодар, Қарағанды, Босшакөлден (Kazminerals) келген жөндеу бригадалары жұмысқа кірісті. Бригадалардың жалпы саны 34-тен 42-ге дейін өсті», деп жазылған Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.