Қазақстан • 30 Қараша, 2022

Елімізде телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүріп жатыр. Сол себепті барлық телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде телерадиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылды

«Телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар 30 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», делінген хабарламада.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

 

Соңғы жаңалықтар