Хоккей • 30 Қараша, 2022

ҚХЛ: «Барыс» «Трактормен» кездеседі

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордалық «Барыс» ҚХЛ-дың қысқа көшпелі сериясы аясында «Трактор» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚХЛ: «Барыс» «Трактормен» кездеседі

36 кездесудің қорытындысы бойынша «Трактор» 33 ұпай жинады, бұл конференцияда сегізінші орынға ие болуға мүмкіндік береді.

«Барыс» соңғы үш матчта жеңіліс тапса да, активіне 31 балл жинай алды, бұл - Шығыстағы тоғызыншы орын. Линден Вей (13+9) команданың ең көп ұпай жинаған ойыншысы болып қала береді.

Қыркүйек айында «Барыс» пен «Трактор» маусымның алғашқы жекпе-жегін өткізді. Сол кезде қазақстандықтар басымдық танытып, ойын 3:1 есебімен аяқталды.

Бүгінгі матч елорда уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.

Ойынның  тікелей көрсетілімі «KHL» және «KHL Prime» арналарында көрсетіледі.