Қазақстан • 30 Қараша, 2022

Жамбыл облысында жылу электр стансасы салынады

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және Францияның Total Eren компаниясы Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел паркін салады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жылу электр стансасы салынады

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу мәселелері туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Қол қою рәсіміне Мемлекет басшысы қатысты. Жел электр станциясы 2026-2027 жылдары пайдалануға беріледі, бұл біздің еліміздегі ЖЭК нысандарының жиынтық энергия өндірісін шамамен 50 пайызға арттырады.

Жобаның болжамды құны – 1,9 миллиард доллар. Қазақстанда алғаш рет жел электр станциясы электр қуатын жинақтау жүйесімен толықтырылады. Бұл жобаның бірегейлігін көрсетеді. Аталған бастама жаңартылатын энергия өндірісінің табиғи құбылмалылығын реттеуге, артық электр энергиясын жинақтауға және энергия желісінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.