Қоғам • 30 Қараша, 2022

Боранбаевтың туысы ҚМА қызметкерлеріне пара берген

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ҚМА жеке қауіпсіздік департаменті жүргізген жедел іс-шараның нәтижесінде агенттіктің жекелеген қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Боранбаевтың туысы ҚМА қызметкерлеріне пара берген

«Тергеумен қамауға алынған Қ.С. Боранбаевтың туысы – А.Т. Боранбаевтың жедел бөлімшелердің жекелеген қызметкерлеріне заңсыз сыйақы беру фактісі әшкереленді», делінген ведомство ақпаратында.

Сот А.Т. Боранбаевқа және агенттіктің екі қызметкеріне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.

Қазіргі уақытта департамент сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат жария етілуге жатпайды», делінген агенттіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.