Елімізде бірлескен білім беру жобасы сәтті жүзеге асып жатыр. Жергілікті жоғары оқу орындарында шетелдік озық университеттердің бағдарламасы енгізіліп, студенттер шекара аспай-ақ білім көкжиегін кеңейте түскен.
Мәселен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде биылғы оқу жылынан бастап Ресейдің «Мәскеу инженерлік-физикалық институты» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы жұмысын жалғастырып жатыр. Бірлескен білім беру жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған Ресейдің озық техникалық жоғары оқу орындары филиалдарын құру туралы стратегиялық міндетін орындау аясында жүзеге асырылғанын атап өткен жөн.
ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультеті базасында ашылған филиалдың құрылуы «Ядролық энергетика және технологиялар», «Информатика және есептеу техникасы» мамандықтары бойынша білікті кадрлар дайындап, елде ядролық энергетиканың дамуына жол ашты. Студенттер білікті мамандардан дәріс алып, инженерлік білімдерін жетілдіріп, заманауи ғылыми зертханаларда тағылымдамадан өтіп, ғылыммен айналысуға мүмкіндік алды.
ҚазҰУ-да студенттерді сапалы оқыту үшін барлық жағдай жасалған. Дәрісханалар, зертханалар, кітапханалар, жатақханалар мен спорт залдары заманауи үлгіде жабдықталған. Ал еліміздегі Ядролық физика институты тәжірибелік сабақтарға арналған алаң ұсынатын болады. «МИФИ филиалын құру – жуырда зерттеу университеті мәртебесі берілген жоғары оқу орны үшін үлкен жауапкершілік. ҚазҰУ үнемі даму сатысында, ол зерттеу университеті ретінде қазақстандық ғылым мен білімді әлемдік деңгейге көтеруді мақсат етеді», дейді университет басшылығы.
Ал Петропавл қаласында 155 студент АҚШ жоғары оқу орындары бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Қос дипломдық оқыту бағдарламасы Аризона университеті (әлемнің үздік 100 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді) мен Қозыбаев университеті арасындағы байланысты нығайта түсті. Оқыту үш тілде: ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Студенттер гранттық негізде білім алады.
«Жаңа жоба шеңберінде студенттердің алғашқы легі оқып жатыр. Бүгінде бірлескен бағдарлама бойынша білім алушылардың 2 тобы бар. Бірінші топта 50-ге жуық студент қос диплом бағдарламасы аясында оқуын жалғастырып жатыр. Яғни олар оқуларын аяқтағаннан кейін Америка университетінің дипломын алады. Мұнда оқыту тек ағылшын тілінде. Екінші топта 100-ге жуық студент Аризона университетінің қолдауымен құрылған Қозыбаев университетінің халықаралық бағдарламасымен оқиды. Мұнда екі диплом қарастырылмаған, бірақ академиялық сапа стандарттары бойынша құрылған бағдарлама. Сонымен қатар Аризона университеті Петропавл қаласында сабақ беру үшін шетелдік профессорларды шақыруға көмектеседі. Оқыту негізінен мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі», дейді Қозыбаев университетінің басқарма төрағасы – ректоры Ерлан Шұланов.
Жалпы, бірлескен жоба бойынша өңірге қажетті 10-ға жуық білім беру бағыты таңдалды. Ол: биотехнология, IT, білім, инженерия саласы. Естеріңізге сала кетейік, жоба өткен жылы Мемлекет басшысының Қазақстанда беделді шетелдік ЖОО филиалдарын ашу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында қолға алынды. Бұл жоба жастарға елімізден тыс жерлерге шықпай-ақ шетелдік білім алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ талантты жастардың қатарын арттырып, өңірді білікті кадрлармен қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Атырауда 73 студент И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің (Ұлттық зерттеу университеті) бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Аталған оқу ордасы көптеген онжылдық бойы әлемнің 100-ден астам еліне мұнай-газ саласының мамандарын даярлап келеді. ЖОО түлектері өз елдерінің жетекші компанияларында ең жоғары лауазымдарға ие.
Қазіргі уақытта университет бакалавриат, магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша оқытуды және мақсатты бағыттар бойынша қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ дайындық курстары, докторантура және 250-ден астам қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары бар. Студенттерді оқыту бакалаврларды даярлаудың 19 бағыты, магистрлерді даярлаудың 11 бағыты және 3 мамандық бойынша жүргізіледі. Аспирантурада ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың 17 бағдарламасы іске асырылып отыр. Шетелдік университеттермен бірлесіп магистратураның 6 білім беру бағдарламасы жүзеге асып отырғанын атап өткен жөн.
Елена Рыбакина Australian Open турнирінде рекорд орнатты
Теннис • Бүгін, 20:55
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:23
Алматыда ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 20:17
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 19:55
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Ұқсас жаңалықтар