Алматы • 03 Сәуір, 2025

Кедергісіз өмір

331 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мегаполисте ерекше қа­жет­­тіліктері бар тұр­ғындар­ға арнал­ған «Инк­люзивті Алматы 2025–2030» тұжы­рымдамасы белсенді түрде әзірленіп жатыр. Құжат сәтімен қабылданып, іске асқан жағдайда 2030 жылға дейін қалада 3,1 мың әлеуметтік нысан мүгедектігі бар жан­дардың жүріп-тұруына ыңғайлануға тиіс.

Кедергісіз өмір

Бағдарламада қала­ны дамы­ту­дың ұзақмер­зімді стратегиялық басым­дықтары ескеріледі. Оған қоса тең мүм­кіндіктерді қамтамасыз етіп, осы санаттағы азаматтарды қа­ла өмі­рінің барлық саласына то­лық­­­қанды араластыруды көз­дейді. 

Сондай-ақ биыл 32,5 мың қалалық инфра­құрылым нысандарын пас­порттау жоспарланған. Осы үдерісті автоматтандыру мақсатында нақты уақыт режімінде объектілерді паспорттау мен бейімдеу барысын жедел бақылауға мүмкіндік беретін мобильді платформа құрылды.

Жалпы, Алматы ин­клю­зивті орта құруда көш­­басшылық танытып тұр. Мұнда ерекше қа­жет­­тіліктері бар адамдарды қоса алғанда, халықтың мо­­биль­­­ді­лігі төмен топтарына қа­­тыс­ты кедергілерді жойып, құ­қықтардың тең­дігін қамтамасыз етуге басты назар аударылады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ITeachMe» қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді қалалық ортаны құрудың негізгі көрсеткіштері мен жос­парлары туралы мәлім­дей келе, былтыр бұл бағыт­та нақты жобалар жүзеге асырыл­ғанын, 2025 жыл тең мүмкіндіктер қоғамын құру жолында маңызды кезең болатынын атап өтті. 

Негізгі жетістіктер арасында қала өмірінің 15 бағыты мен 90 жобаны қамтитын үздік әлемдік тәжірибелерге негізделген «Инклюзивті Алматы» бағдар­ламасының жөні бөлек. Ол білім беру, ден­саулық сақтау, мәде­ниет, спорт саласында тең мүмкіндіктер қалып­тастыруға бағытталған.

Халықаралық саясат аясын­да еліміз «Мүге­дектердің құқық­тары тура­лы» конвенция­ны рати­фикациялап, 2023 жылы факуль­тативтік хаттамаға қол қой­ғаны белгілі. Со­нымен қатар қала­лық бағ­дар­ламаларды әзір­леу­де қолданылатын Берлин тәжіри­бесіне ерекше назар аударылып отыр. Бұл құжаттар, талаптар да мемлекет деңгейінде әлеуметтік қорғауды күшейтуге ықпал етеді. Сондай-ақ мегаполисте қалалық саясатқа инклюзивті тәсілдерді бел­сенді енгізетін инклюзия мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшінің рөлі күшейтілді.

Сонымен биыл 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжы­рымдамасының жаңа кезеңін іске асыру бас­талды. Түпкі мақсат – мүге­дек­тік­тің медициналық және қайырым­дылық моделінен әлеу­мет­тік және адам құқықта­рын қорғауға көшу. Бұл бастама әркімнің толыққанды өмір сүруіне жағдай жасай отырып, физикалық, құқықтық, ақпараттық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.

 

АЛМАТЫ