Бүгінде қазаққа жаһандану жат емес. Алайда жаһандану әлем алдында жұтылып кету деген сөз емес. Қазақстанда 19 млн халық бар болса, соның 12 млн-ы – қазақ ұлты. Тіпті 19 млн халқы бар әлемде қаншама қала бар!

Статистикаға сүйенер болсақ, жер бетінде 15 млн қазақ бар екен. Қазақты саны жөнінен он орайтын қаншама ұлтта мемлекет, Отан жоқ. Ендігі мәселе – ата-бабамыз қар жастанып, мұз төсеніп жүріп қалдырған асыл мұрасы – ұлан-ғайыр жеріміздің иесі келер ұрпақтың ұлттық тазалығы.
Ешкімге құпия емес, үш жүз жыл патшалық Ресейге бодан болдық, жетпіс үш жыл кеңестік дәуірде империялық үстемдік құрған орыс ұлтының темір құрсауынан әлі де шыға алмай келеміз. Әйел теңдігін желеу етіп, қазақ қызын малға саттық, әйелді төмен етек деп сендірдік, солай оқыдық, солай оқыттық. Бірақ расында солай ма еді?! Қай ұлтта «Анаңды жаяу арқалап Меккеге үш рет апарсаң да перзенттік парызыңды өтей алмайсың» деген ұлы ұғым бар?! Анаға, қызға деген құрметтің ұлылығы да осында болса керек.
Жер-Ананы сақтап қалу тек білектің күшіне байланысты емес екенін қазір барша жұрт біледі. Жерді сақтап қалу – ұлтты сақтап қалу, ұлтты сақтап қалу – жеріңді сақтап қалу деген сөз. Ендеше, ат төбеліндей қазағымызды қайтіп сақтаймыз? Біздер – аға буын өкілдері кешегі келмеске кеткен кер дәуірде байтақ Отанымыздың тірегі де, болашағы да барлық ұлттың теңдігі, тұтастығымыздың тірегі аға ұлт – орыс ұлты деп келдік. Интернационалист болдық. Интернационализмді солай ұғындық. Алайда интернационалист болу, бір ұлтты бір ұлттың жұтып жіберуі емес қой?! Дей тұрғанмен, бүгінде Ресейдегі саха, хакас, тыва, қалмақ секілді аз ұлттар жойылудың аз-ақ алдында тұрғаны еш құпия емес. Түр-түсі азиялық, ата тегі орыстанған, ұлттың басты белгісі – ана тілін бұл ұлттардың 10-15 пайызы ғана біледі.
Ал қыз бен тіл – егіз ұғым, тіліңді айтып, анаңды айтпау – ұлтыңды айтпау деген сөз. Мені мазалайтын мәселенің мәнісі осында – қазақ қыздарының басқалардың етегінен ұстап кетуінде жатыр. Өйткені қазір өзге ұлтқа тұрмысқа шығу «тренд» болған. Ең өкініштісі, бұл «үрдісті» теледидар арқылы да барынша жарнамалап жүрміз. «Еуразия» арнасындағы «Көреміз», НТК-дағы «Бір болайық», «Қосылайық» деп кете беретін бағдарламаларда қазақ қыздары өздеріне тең іздейді. Өткенде бір бағдарламада қырғыз жігіті келіп: «Әлемдегі ең сұлу да, ақылды қыз қырғыздың қызы. Ренжіме, сен менің талғамымдағы қыз емессің» деп миллиондаған халықтың алдында қазақтың қызын қор етіп кетті. Жайшылықта «ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін» сұлуымыз екі көріп ғашық болып қалған қырғыз жігітінің артынан көз жасын көл қылып қала берді. Сонда бұл қызға «сен қазақ қызысың, асыл ұлтсың, алтын құрсақсың, ұлттың сақтаушысысың» деп тәрбие берген ата-ананың болмағаны ма?! Әлде өзі болған қыз төркінін танымайдының кері ме?!
Кешегі жаугершілік заманда да қазақ қызын жатқа бермеген. Ал бүгінде қара нәсілді мен қытайға, орыс пен корейге, араб пен неміске тұрмысқа шығып, махаббат деген ұлы сезімді желеу еткендер көбейді. Сонда бұл сезім Отанға, ұлтқа деген махаббаттан да мықты, одан да биік болғаны ма? Ат төбеліндей аз қазақтың қызы кім көрінгеннің етегінен ұстай берсе, ұстата берсек ұлтты қалай сақтаймыз? Бізде ұлтты сақтауды мақсат тұтқан мемлекеттік идеология бар ма, бар болса оның жемісі қандай?
Бүгінгі қыз – ертеңгі келін. Ертеңгі келін – ұрпағыңның анасы. Ал ұрпағыңның анасы – ұлтыңның анасы. Сондықтан қазақ қызы тек сенің балаң емес, қазағымның баласы, демек ұлтымның айнасы. Ендеше, ұлтымыздың айнасы кірлемесін десек, қызымызды кім көрінгеннің етегінен ұстата бермейік, ағайын!
Жәнібек ҒАПБАСҰЛЫ,
Арқалық қаласы ардагерлер ұйымының төрағасы
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 19:55
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Елде 16 мың адам алимент төлемей жүр
Қоғам • Бүгін, 12:52
Болат Өтемұратов Рыбакинаға қатысты пікір білдірді
Теннис • Бүгін, 12:49
Ұқсас жаңалықтар