«Айтуға оңай», «Қарекет» токшоуы арқылы қазақтың жүрегін елжіреткен қазыналы журналист Бейсен Құранбекті еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир өтті. Талдықорған қаласында осымен үшінші рет жалауын желбіреткен дәстүрлі жарысқа әр өңірден келген сегіз команда қатысты.

Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Бейсен Құранбектің әріптестері, туған-туыстары, зайыбы қатысып, алыстан арнайы келген журналистерге алғыс айтты. «Жетісу» телеарнасының директоры Серік Әбікен, «Өлке тынысы» ЖШС директоры Досан Атантелов, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли және доданың демеушісі «Медиалаб» ақпараттық орталығының жетекшісі Ришат Асқарбекұлы сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.
Жарыс басталмас бұрын Бейсен Құранбек жайлы бейнеүзінді көрсетіліп, жұрт марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Додаға келген 8 команда екі топқа бөлініп, доп тепті. Келген командалардың осалы жоқ. Астанадан жеткен «Хабар» командасы БАҚ лига ойындарының бірнеше дүркін чемпионы, сапында Грузияда Коте Махарадзе атындағы журналистер арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпаздары бар. Сонымен қатар Сыр өңірінде өткен турнирдің чемпионы астаналық «Экспресс-К» да осал емес. «Шығыс-ақпарат» ойыншылары да жүлдеден дәмелі. Өткен жылы осы турнирдің чемпионы атанған «Алматы» құрамасы да ойыннан алар үлесіміз бар деп келгені анық.
Бейсен Құранбек атындағы турнирдің кубогын еншілейміз деп келген командалар күні бойы доп теуіп, мықтыны анықтады. Турнирдің беташар добын футзалдан ұлттық құрама мүшесі Жомарт Тоқаев ойынға қосып, жарыстың жолын ашты.
Топтық кезеңде қара үзіп шыққандардың арасында талдықорғандық «Қарекет», астаналық «Хабар», «Экспресс-К», Тараздан келген «Тараз-пресс» командасы болды. Осы 4 мықтының арасынан жарыстың чемпионы анықталды. Доданың тағы бір ерекшелігі – бәсекеге алғаш рет «Қазақфильм» командасының қатысуы және «Жетісу» арнасының «Ютуб» каналында тікелей трансляция жүріп, жанкүйерлердің доп додасын көруге мүмкіндік жасалғаны.
Міне, осы тікелей көрсетілімді тапжылмай қарап отырған жанкүйерлердің бірқатары жеңісті «Хабарға» ұстатса, бірі «Экспресс-К» командасының қанжығасына байлап жатты.
Сонымен, жартылай финалда «Қарекет» пен «Тараз-Пресс» командасының жолы түйісіп, ақтық сынға талдықорғандық «Қарекет» шықты. Ал «Хабар» мен «Экспресс-К» арасындағы ойында алматылық ұжымның жолы болды. Үшінші орын үшін таласта «хабарлықтар» жеңіске жетіп, турнирдің қола жүлдесін еншілесе, финалда тең түскен «Қарекет» пен «Экспресс-К» тартысты ойын өрнегімен жанкүйерлердің есінде қалды. Талдықорғандық команда жүлдені алып қалуды жөн көрмей, қонақтардың қанжығасына байлау арқылы күміс жүлдені қанағат етті.
Бірінші орын иегері «Экспресс-К» командасына 800 мың теңгенің сертификаты, кубок және медаль табысталды. Екінші орынға 600 мың, үшінші орынға 400 мың және төртінші орынға 200 мың теңге берілді. Сондай-ақ бірнеше номинация және арнайы Жұматай Жақыпбаев пен Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде де табысталды.
Жарысқа келген команданың барлығы жүлдесіз қайтқан жоқ. Осылайша, жоғары деңгейде өткен Бейсен Құранбек атындағы турнирге қонақтар дән риза болды.
Жетісу облысы
Елена Рыбакина Australian Open турнирінде рекорд орнатты
Теннис • Бүгін, 20:55
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:23
Алматыда ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 20:17
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 19:55
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Ұқсас жаңалықтар