Жасөспірімдерге сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, саламатты өмір салтын насихаттау – қоғамдағы маңызды мәселе. Мегаполис жастарын жұмыспен қамту, олардың еңбекке араласуға ынтасын ояту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.

Білім мен білігі ұштасқан, озық технологияны еркін меңгерген жастар – ел ертеңі. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Алматы жастары» жобасы аясында «Social project mаnаgement орталығы» қоғамдық қоры осы бағытты нысанаға ала отырып, арнайы семинар-тренинг өткізді.
Жастардың жаһандану үрдісіне ілесе алмауы, уақытын бос дүниелерге жұмсауы, еңбек- ақының аз болуы, ата-анамен арадағы сыйластықтың азаюы құлықсыз жастардың қатарын молайтқан. Алматы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылдың екінші тоқсанында қалада тұрақты жұмысы жоқ жастардың үлесі 5,8 пайызды құраған. Олардың бәрі жұмыс жоқтықтан сенделіп жүр деуге ауыз бармайды.
«Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Болашақ білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақтың қолында. Мағжан сенген, ел сенген жастар қандай болу керек? Осы мәселені шешу үшін мектептер мен жоғары оқу орындарында, колледжер мен әскери оқу орындарында психолог мамандардың қатысуымен семинар-тренингтер өткіздік. Семинарда жасөспірімдерді дұрыс мамандық таңдауға бағыттап, кейін сол сала бойынша білікті маман ретінде қызмет етуге шақырдық», дейді «Social project mаnаgement» орталығының директоры Бейбіт Молдахметұлы.
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Сол шешімді дұрыс таңдауларына жол көрсету мақсатында өткен кездесуге жастар белсенді қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Еліміздің еңбек нарығын дамыту жастарға көңіл бөлуден басталады. Кездесуде мамандық таңдаудың маңызды тетіктері сараланып, кәсіби мамандар бағыт-бағдар берді. Семинарға қатысқан студенттер болашақта өздері таңдаған сала бойынша жемісті еңбек ететіндерін тілге тиек етті.
«Жобаның басты мақсаты – жастардың жаhандану үрдісіне ілесіп, уақытын пайдалы істерге арнауға дағдыландыру», дейді семинарды ұйымдастырушылар. Ел ертеңін еңбекке бейімдеуге бағытталған іс-шарада жастарды мемлекеттік бағдарламаларға тарту, кәсіби қабілеттерін арттыру, бизнес бастауға баулу, үкімет тарапынан берілетін гранттар туралы ауқымды ақпарат ұсыну мәселелері қамтылды.
АЛМАТЫ
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:23
Алматыда ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 20:17
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 19:55
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Ұқсас жаңалықтар