Мемлекет шетелдік есептегі көліктерді заңдастыруға мүмкіндік берді. Әкімшілік полиция комитеті дайындаған қаулыға сәйкес, криминалдық, оң жақ рөлді, экокласы төмен автокөліктер бұл жеңілдікке ілінбейді. 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ел аумағына кіргізілген шетелдік автокөліктерді есепке қоюға қатысты өтінімдер мамандандырылған ХҚО-ларда және «Электронды үкімет» порталында қабылданады.

Көлікті заңдастыру үшін иесі мынадай құжаттарды тапсыруға тиіс: форма бойынша өтініш; өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат; транспорт құралының паспорты немесе транспорт құралын тіркеу туралы куәлік; транспорт құралына меншік құқығын растайтын құжат.
Тиісті құжаттар қабылданғаннан кейін көлік тексеруге жіберіледі, тексеріс нәтижесі арнайы базаға тіркеледі. Көлікті заңдастыру туралы өтінім екі жұмыс күні ішінде қарастырылады. Шешім шығарылып, өтінімді қабылдайды немесе заңдастырудан бас тартады. Көлік иесін хабардар ету үшін оның телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Хабарлама мәтінінде қабылданған шешім, транспорт құралының бірегей нөмірі, моделі мен маркасы көрсетіледі.
Егер көлік иесі көрсетілген құжат тізбесін толық ұсынбаған жағдайда; ұсынылған құжаттардан түзету белгілері байқалған болса; құжаттар Қазақстан Республикасының сондай құжат туралы заңнама талаптарына сай келмесе; транспорт құралы өзге мемлекеттің құзырлы органындағы бұрынғы тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шешілмесе, онда өтінім қанағаттандырылмайды. Мұндай жағдайда көлік иесі келесі өтінімді қайтадан 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін бере алады. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін ел аумағына кіргізілген көліктер заңдастырылмайды. Ішкі істер органдары қай көліктің Қазақстанға қашан әкелінгенін шекара қызметі мен сақтандыру ұйымдарының деректер базасы арқылы анықтайды.
Көлікті заңдастыруға қатысты оң шешім алғаннан кейін, ЕАЭО құрамына кірмейтін мемлекеттен, мәселен, Грузиядан әкелінген көлікті кеден рәсімінен өткізуге тура келеді. Заңдастыруға жататын көлік үшін бастапқы тіркеу құны – 200 000 теңге. Заңдастырылған автокөлік иелері утиль алымнан босатылады.
Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлей отырып, кедендік ресімдеуден өткен автомобильдерді бастапқы тіркеу оларды иеліктен шығару (сату) құқығын 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін шектей отырып жүзеге асырылады. Аталған мерзімнен кейін олар Еуразиялық экономикалық одақтың тауары деп танылып, оларға қойылған шектеу алынып тасталады. Қырғыз автомобильдерінің кедендік айырмашылығы төленген жағдайда оларды бастапқы тіркеу иеліктен шығару құқығын шектемей жүзеге асырылады.
Армениядан әкелінген көліктерді де тіркеу оларды қайта сату құқығын шектемей реттелмек. Өйткені 2023 жылдың 1 қаңтарынан кейін олар да ЕАЭО тауары деп есептеледі. Бұл қазіргі уақытта сары нөмір тағып жүрген көліктерге де қатысты.
Егер транспорт құралының паспорты немесе транспорт құралын тіркеу туралы куәлік болмаса, ал транспорт құралы бұрын жол қозғалысына не болмаса ЕАЭО аумағында пайдалануға жіберілмесе және іздеуде болмаса, онда субъектіні мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері тексереді. Осы уақытқа дейін не кедендік баж салығын, не өзге де жарналарды төлеместен ел аумағына заңсыз жолмен әкелінген автокөліктерді тіркеуге болады. Ол үшін барлық тиісті сома төленуге тиіс.
Бұл қаулы желтоқсанның ортасына дейін талқыланады. Демек, ресми қаулы жаңа жыл қарсаңында жарияға жолдануы әбден мүмкін. Еске салайық, қаулыға сәйкес шетелдік көліктерді тіркеу 2023 жылдың 1 қаңтары мен 1 шілдесі аралығында жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін шетелдік көліктерді заңдастыру туралы құжатты Мәжіліс те, Сенат та мақұлдады. Сенат депутаты Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін келген машиналарды заңдастыру үшін бірыңғай алымның белгіленуі 300 мыңға жуық көлікті тіркеуге мүмкіндік береді және жергілікті бюджетке түсетін көлік салығы артады.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:23
Алматыда ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 20:17
Маңғыстауда көлікте ұйықтап қалған азамат қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 19:55
Зейнетақы жинақтары желтоқсанда 260 млрд теңгеге өсті
Қаржы • Бүгін, 19:42
БҰҰ өңірлік орталығының басшысы Қазақстанға келеді
Саясат • Бүгін, 19:32
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:13
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:05
Пәкістандағы мешітте жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 18:55
Үкімет басшысы «Digital Almaty 2023» форумына қатысады
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 18:30
Ел азаматтары ЖШС-ні мобильді қосымша арқылы тіркей алады
Қазақстан • Бүгін, 18:14
10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын
Қоғам • Бүгін, 18:08
Қостанай облысының білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Қоғам • Бүгін, 17:44
Астана - Анкара рейсіне билеттер сатыла бастады
Әлем • Бүгін, 17:23
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылады
Саясат • Бүгін, 17:17
Доллар 460 теңгеден төмен түсті
Қаржы • Бүгін, 17:08
Өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнату қажет - Мәулен Әшімбаев
Парламент • Бүгін, 16:55
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
Қазақстан • Бүгін, 16:47
Қаржы министрлігі банкроттықтан кейінгі салдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 16:38
Парламент сайлауында азаматтардың 53,3 пайызы дауыс беруі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 16:29
Ұлытау облысы спорт басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:12
Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығына ресми сапармен барады
Саясат • Бүгін, 16:03
Алматыға ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келеді
Саясат • Бүгін, 15:51
Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:48
Сайлаушылардың көпшілігі саяси плюрализмді жақтайды
Қоғам • Бүгін, 15:38
Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:24
Былтыр өндірістегі жазатайым оқиғалардан 203 адам қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 15:16
Алматы облысында есірткі өндірісін ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Өскемендік ғалымдар жаңа жобаны қолға алды
Қоғам • Бүгін, 14:48
Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 14:35
Ертең елордада Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Бүгін, 14:21
Астана әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:05
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 13:53
Астанада «Бұрқасын-2023» фестивалі өтеді
Елорда • Бүгін, 13:43
Жаңа Зелендияда су тасқынынан 4 адам қайтыс болды
Әлем • Бүгін, 13:32
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:18
Чехияның жаңа президенті сайланды
Әлем • Бүгін, 13:00
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды
Экология • Бүгін, 12:59
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Ұқсас жаңалықтар