Ауа райы • 01 Сәуір, 2025

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 1 сәуір күні елімізде болатын ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

 

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Барикалық құрылымдардың өзгеруі Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз болуына себеп болады, жаңбыр мен найзағай болады, солтүстік және шығыс аймақтарда түнде жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін.

Тек орталық және оңтүстік аймақтарда жоғары қысым аймағының әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда жел күшейеді, таулы аймақтарда тұман болады.

Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі температура 8-13°C-тан 15-20°C-қа дейін көтеріледі, оңтүстікте 18-23°C-тан 20-28°C-қа дейін, оңтүстік-шығыста 12-20°C-тан 18-23°C-қа дейін, шығыста 5-15°C, ал батыста 15-25°C-тан 13-22°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Тазылар тартысқа түсті

Аймақтар • Кеше