03 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің бұйрығы № 41

234 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
2014 жылғы 19 мамыр,  Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы Бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Тіл комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы А. БӨРІБАЕВ. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің м.а. 2014 жылғы 19 мамырдағы № 41 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) өзіне жүктелген функцияларды іске асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері мемлекеттік саясатты және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. 2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы­ның заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттігі болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Төрағаның немесе оны ауыстырушы тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 5. Комитеттің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысымен бекітіледі. 6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс. 7. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті» мемлекеттік мекемесі. 8. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке өзінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер бюджеттің кірісіне жолданады. 10. Комитет Министрліктің қарамағындағы тіл дамыту саласындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын басқаруды іске асыратын орган болып табылады: 1) «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. 2. Комитеттің функциялары 11. Комитет қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мыналарды жүзеге асырады: 1) тіл саясаты, шетелде тұратын отандастарды қолдау салаларындағы мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру; 2) тіл саясаты бойынша Министрліктің стратегиялық жоспарларына, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларға ұсыныстар енгізу; 3) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілдің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оның халықаралық беделін нығайту; 4) тілдерді дамыту саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру қызметі бойынша ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология және ономастика комиссияларының, Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету, жергілікті атқарушы органдар жанындағы ономастика комиссияларының жұмысын үйлестіру; 6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде Министрлікке ұсыныстар енгізу; 7) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылтай құжаттарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу; 9) республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру; 10) мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру; 11) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау; 12) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасымен белгіленген талаптарды бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар беру; 13) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы тиісті органдарға ұсыныстар енгізу; 14) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; 15) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзірлеу және бекітy жөнінде ұсыныстар енгізу; 16) осы Ережеде, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 12. Комитеттің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) өзінің құзыреті шегінде құқықтық актілер шығаруға; 2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға; 3) тілдерді дамыту саласында нормативтік құқықтық актілер әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге; 4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, байқаулар және өзге де іс-шаралар өткізуге; 5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құруға; 6) ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органы болуға; 7) жеке және заңды тұлғалар тіл туралы заңнаманың талаптарын орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа шағымдануға; 8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру 13. Комитетті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. 14. Төрағаның Министрліктің Жауапты хатшысының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады. 15. Комитет төрағасы Комитетке жалпы басшылық етуді жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікте болады. 16. Комитет төрағасы: 1) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды; 2) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершіліке тарту мәселелерін шешеді. 4) жетекшілік ететін вице-министр мен Министрдің келісімдері бойынша ведомстоваға бағынысты ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 5) өз құзыреті шегінде Комитеттің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері үшін орындалуы міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар жасайды; 6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комитетті білдіреді; 7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді; 8) Комитет жұмысының регламентін бекіту туралы ұсыныс енгізеді; 9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін дербес жауапкершілікте болады; 10) республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру және мемлекеттік сатып алу бағытындағы қызметтерді жүзеге асыруда дербес жауапкершілікте болады; 11) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. 17. Төраға болмаған жағдайда Комитет қызметінің жалпы басшылығы мен Комитетке жүктелген міндеттер және функцияларды орындауға дербес жауапкершілікте болу Төраға орынбасарларының біріне жүктеледі. 18. Комитеттің консультациялық кеңесші орган болып табылатын алқасы болуы мүмкін. Алқаның сандық және жеке құрамын жетекшілік ететін вице – министрдің келісімімен Төраға бекітеді. 19. Комитет қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің құзыреттілігі мен уәкілеттілігі Министрліктің, Комитеттің жұмыс регламенттерімен, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерімен белгіленеді. 4. Комитеттің мүлкі 20. Комитеттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар. Комитет мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктерден қалыптасады. 21. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады. 22. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті, Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше белгіленбесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған басқа да жолмен билік етуге құқығы жоқ. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 23. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 28 сәуірдегі Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9474 болып енгізілді.