Қоғам • 01 Желтоқсан, 2022

Ең осал жылу электр орталықтары іс-әрекет жоспарын дайындайды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең осал жылу электр орталықтары іс-әрекет жоспарын дайындайды

Отырыс барысында үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету жөніндегі жедел және жүйелі шаралар қарастырылды. Жиын қорытындысы бойынша мынадай тапсырмалар берілді:

Үш күн ішінде барлық энергия нысанын кешенді, соның техникалық жағдайына қарай қауіптілік тұрғыдан топтарға бөлінсін. Неғұрлым осал жылу электр орталықтары мен жылу желілері бойынша меншік иелері, әкімдіктер мен министрліктер арасында бірінші кезекте атқаратын іс-әрекет жоспары дайындалады;

Өңірлерде жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін нысандардың іс жүзінде дайындығын тексеру үшін жедел топтар құрылсын;

Қаржы министрі мен Қаржылық мониторинг агенттігі әрбір заңды тұлғаның тарифтік сметасы мен инвестициялық бағдарламасына талдау жүргізіп, капиталды сыртқа шығару ықтималдығын тексерсін;

Уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын күшейтіп, жылумен және электрмен қамтамасыз ететін нысандардың меншік иелерінің жауапкершілігін арттыру үшін салалық заңдар мен заңға тәуелді актілерге енгізілетін өзгерістер әзірленсін.