Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2022

Балдырғандарға базарлық

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетауда Шахмет Құсайы­нов атындағы Ақ­мола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жа­нынан ашылған тұңғыш қуыршақтар театры кішкентай көрермендерін көл-көсір қуанышқа кенелтті.

Балдырғандарға базарлық

Аумағы ат шаптырым теат­р фойесін кішкентай көрер­мендердің сыңғырлаған кү­міс күлкісі толтырып, тө­ңі­ректі шат­тыққа бөлеп тұр­ды. Алдымен, тұңғыш қуыр­шақ театрының ашылу рәсімі өткізілді. Ақжарма тілектер айтылып, шашу шашылды. Көрермендер залына өткен кішкентай бүлдіршіндердің назарына Нина Гернеттің «Ба­лапан қаз» ертегісі ұсы­нылды. Бұрын-соңды мұн­дайды көрмеген бүл­дір­шіндер таң­ғажайып тамаша ертегіні көріп отырып, кейіп­керлердің тосыннан қой­­ған сұрақ­тарына тапқыр жауап бере білді. Осының өзі сахна мен көрермендер за­лын тұтастырып, ертегі әле­міне елік­тіріп әкетіп бара жатқандай. Әр көрермен си­қырлы дүниеге енген.

Жас труппа дуальді оқу жүйесі бойынша арнайы кел­ген Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінің студенттерінен құ­ралған. Топ жетекшісі әрі «Ба­лапан қаз» ертегісінің қою­шы режиссері Қазақстан Рес­публикасының еңбек сіңір­ген мәдениет қайраткері Серік­бай Мақұлбеков. Кішкентайлар көңілінен шыққан балапан қаз – Ақерке Даму, кірпі – Арсен Балтабай, Нұрлыбек Тілеулес, түлкі – Диас Шәріп.

– Ертегімен есейген жақ­сы. Қойылым жас көрер­мен­де­ріміздің көкірегіне ой салары сөзсіз. Сонда рухани кемел­де­нудің алғашқы баспалдағын ба­сатын болады, – дейді қою­шы режиссер Серікбай Ма­құлбеков.

Ізетті ұл-қызды ізгілік әле­­міне жете­лейтін қуыршақ театрының алғашқы көрер­мендеріне бұл сый тегін жасалды. Бүлдіршіндер бұдан былай да әдемі әлем­нің ажарымен қа­уышып, көкірек­те­рін рухани сәуле нұрымен жарық етпек.

 

Көкшетау қаласы