Өткен айдың басында Макрон Парижде Батысқа сирек келетін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөздер жүргізді және сейсенбі күні Елисей сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады.
2021 жылы Эмманюэль Макрон Парижде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды ерекше қарсы алған еді. Ал Украинамен қақтығысқа дейін ол Ресей президенті Владимир Путинмен тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысты. Қ.Тоқаев Парижге сапарынан бір күн бұрын Мәскеуде Путинмен келіссөз жүргізді.