Әлем • 02 Желтоқсан, 2022

Экономикалық байланысқа баса назар аударды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париждің Елисей сарайында өткен кездесуде Қазақ­стан мен Франция басшылары өз елдері арасындағы екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынасқа ерекше назар аударды.

Экономикалық байланысқа баса назар аударды

«Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронға Фран­цияға шақырғаны және Қазақстан Президенті болып қайта сайлануы­мен шын жүректен құттықтағаны үшін алғыс айтты», деп хабарлады Қазақстан Президентінің ресми өкілі. Қ.Тоқаев сондай-ақ француз әріп­тесін Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етіп, оны жақын арада Қазақстанға келуге шақырды.

Э.Макрон өз кезегінде Қазақстанды Францияның «стратегиялық серіктесі» деп атады. Ол сонымен қатар 2024 жылы Қазақстанда француз тілін үйрететін жаңа мектептер ашылатынын хабарлады. Тараптар екі елдің білім және мәдениет салаларындағы байланыстарын нығайту жөнінде жан-жақты пікір алмасты, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Орталық Азиядағы жағдайды талқылады.

Өткен жылы Қазақстан мен Франция 2030 жылға дейінгі сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жол картасын бекіткен еді.