Елімізде шағын, орта және ірі бизнес субъектілері үшін өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландырудың жаңа бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібінің құрылымын одан әрі әртараптандыруға, қайта бөлудің жоғары деңгейдегі тауарларын өндіруді қолдау мен ынталандыруға, сондай-ақ ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесуге бағытталған.

Жобаға «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қолдау көрсетпек. Жоба ойдағыдай жүзеге асуы үшін инвесторларға 250 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру және кредит беру ұсынылады. Несие теңгемен беріледі және кредит мерзімі – 3 жылдан 20 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Азаматтар бизнесін гүлдендіру үшін 3 млрд теңге және одан да жоғары сомада несие ресімдей алады. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7 пайыз.
«Қаржыландыру үшін жобаларды қарау барысында өтініш берушілердің жергілікті қамту жөніндегі талаптар, өз өндірісінің айналасындағы шағын және орта кәсіпорындарды дамыту және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелер сияқты қарсы міндеттемелері маңызды мәнге ие болады. Бағдарламаны іске асыру өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі қаражатын жаңартуға мүмкіндік береді, шамамен 10 мың жұмыс орнын құрады және сақтайды», делінген хабарламада.
Осыған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий мерзімі 2023 жылдың соңына дейін ұзартылатынын мәлімдеген еді.
Саяси додаға мониторинг жүргізіледі
Үкімет • Бүгін, 00:14
Үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы
Қазақстан • Бүгін, 00:13
Еңбек тәртібін реттейтін құжат
Үкімет • Бүгін, 00:11
Саясат • Бүгін, 00:08
Партия филиалдарының ұйымдастыру жұмысы
Сайлау • Бүгін, 00:05
Елеусіз қалған елді мекендер көгілдір отынға жарымай отыр
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
«Digital Almaty» халықаралық форумы басталды
Форум • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қаржы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ділгір құралға қол жеткізудің жолы
Қоғам • Кеше
Азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр
Сауда • Кеше
Ерекше перзентті оңалту да, оқыту да оңай емес
Отбасы • Кеше
Арнайы білім мекемелеріндегі ахуал
Білім • Кеше
Өңірлік университеттегі өмірлік дау
Университет • Кеше
Халық • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Келешектің инновациялық бағдары
Бағдарламалар • Кеше
Теннисшілердің төртінші мүмкіндігі
Теннис • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Әбігерге түсірген толассыз жауын
Төтенше жағдай • Кеше
Спорт • Кеше
Хоккей • Кеше
Өзбек тіліндегі қазақтың 100 өлеңі
Өнер • Кеше
Кино • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматыда мейрамхана аспаздары есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада есірткі қылмысына қарсы акция өтті
Елорда • Кеше
Шымбұлақ шатқалында сайға құлаған жігіт құтқарылды
Қоғам • Кеше
Астанада өнеркәсіп қалай дамып жатыр?
Елорда • Кеше
Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі
Технология • Кеше
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысынан фоторепортаж
Фотогалерея • Кеше
Ұқсас жаңалықтар