Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, цифрлық теңге туралы жалған ақпараттар таралып жатыр. Бұл ретте Төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы мұндай алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.

Цифрлық теңге төңірегінде қызығушылық артқандықтан алаяқтар жоба туралы ақпаратты теріс мақсатта пайдаланып, жұртты адастыруға көшті. Мессенджерлер де жаңалықтар шығарылымы форматында қолма-қол ақшаны цифрлық теңгемен ауыстыру туралы фейк ақпараттар мен видеороликтер тарап жатыр. Ал цифрлық теңге жобасына инвестиция салуды жарнамалаушылар алаяқтықты іске асыратын сайттарды жасауға көшкен. Бұл хабарламалардың барлығы да шындыққа жанаспайды.
«Цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол ақшасыз аударымдардың орнын ауыстыру үшін шығарылмаған, ол қолданыста қатар жүретін болады. Цифрлық валюта бірегей технологиялық сипаттамалардың арқасында Қазақстанның Ұлттық төлем жүйесін одан әрі дамытуды көздейді, оның ішінде интернетсіз төлем жасау мүмкіндігі де пайда болады. Қазір «Цифрлық теңге» жобасы әзірлеу және сынақтан өткізу кезеңінде тұр. Ұлттық цифрлық валютаны енгізу бойынша нақты шешім осы жылдың соңына дейін қабылданады деп жоспарланып отыр. Ал Ұлттық банк цифрлық валютаның артықшылықтары мен тәуекелдерін, оның ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылыққа және төлем қызметі нарығына әсерін жан-жақты зерттеп жатыр», делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Айта кетейік, цифрлық теңге жобасы туралы ресми ақпарат көзі – Ұлттық банктің (nationalbank.kz) ресми сайты және ТҚТДО-ның payfintech.kz сайты. Өзге сайттардың, әсіресе «.kz» домендік кеңістігінен тыс тіркелген сайттардың бұл жобаға еш қатысы жоқ. Кеңес алу үшін Ұлттық банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.
Саяси додаға мониторинг жүргізіледі
Үкімет • Бүгін, 00:14
Үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы
Қазақстан • Бүгін, 00:13
Еңбек тәртібін реттейтін құжат
Үкімет • Бүгін, 00:11
Саясат • Бүгін, 00:08
Партия филиалдарының ұйымдастыру жұмысы
Сайлау • Бүгін, 00:05
Елеусіз қалған елді мекендер көгілдір отынға жарымай отыр
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
«Digital Almaty» халықаралық форумы басталды
Форум • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қаржы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Ділгір құралға қол жеткізудің жолы
Қоғам • Кеше
Азық-түлік бағасы ырыққа көнбей тұр
Сауда • Кеше
Ерекше перзентті оңалту да, оқыту да оңай емес
Отбасы • Кеше
Арнайы білім мекемелеріндегі ахуал
Білім • Кеше
Өңірлік университеттегі өмірлік дау
Университет • Кеше
Халық • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қоғам • Кеше
Келешектің инновациялық бағдары
Бағдарламалар • Кеше
Теннисшілердің төртінші мүмкіндігі
Теннис • Кеше
Егемен Қазақстан • Кеше
Әбігерге түсірген толассыз жауын
Төтенше жағдай • Кеше
Спорт • Кеше
Хоккей • Кеше
Өзбек тіліндегі қазақтың 100 өлеңі
Өнер • Кеше
Кино • Кеше
Әдебиет • Кеше
Алматыда мейрамхана аспаздары есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Елордада есірткі қылмысына қарсы акция өтті
Елорда • Кеше
Шымбұлақ шатқалында сайға құлаған жігіт құтқарылды
Қоғам • Кеше
Астанада өнеркәсіп қалай дамып жатыр?
Елорда • Кеше
Цифрлы технологияларды енгізетін кәсіпорындардың шығыны өтеледі
Технология • Кеше
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысынан фоторепортаж
Фотогалерея • Кеше
Ұқсас жаңалықтар