04 Маусым, 2014

Қазақстандық 7 әскери боксшы – әлем чемпионы!

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

00-00-box-sofia-5

АСТАНА. 3 маусым. Бүгін Алматыда аяқталған әскерилер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық 7 боксшы алтын медальға қол жеткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Қазақстан былғары қолғап шеберлері бұлардан басқа тағы 1 күміс және 2 қола медальдарды қоржынға салды. Ақтық айқаста 49 килолық Олжас Байниязов – ресейлік Бэлик Галановты, 52 килолық Олжас Сәттібаев – марокколық Абделали Дарраны, 56 килолық Қайрат Ерәлиев  – алжирлік Фахем Хаммачиді, 60 килолық Бекман Сойлыбаев – қытай Ксиа Лангжиені,  75 килолық Бобуржан Момынов – бразилиялық Педро Сильваны, 91 килолық Асқар Абдуллаев – итальян Фабио Турчиді, 91 килодан ауыр Қамшыбек Қоңқабаев бразилиялық Рафаэль Лиманы ұтты. Ал 81 килоға дейінгі салмақтағы Арман Рыспек голландиялық Петер Мулленбергтен 0:3 есебімен есе жіберіп, күміс медальға иек артты. Сол сияқты 64 килолық Елдос Сарқұлов, 69 килолық Сағадат Рахманқұлов  қола жүлде алды. Турнирде тунистік Шили Алааны ұтқан моңғол Баттарсукх Чинзориг (64 кг), ресейлік Александр Беспутинды жеңген француз Алексис Вастин (69 кг) алтын медальды иеленді. Дамир Қожамқұл. Дереккөз: egemen.kz. Фото: ВКонтакте.