Бүгінгі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Екібастұздағы жылу жүйесінен ажырап тұрған көпқабатты үйлердің барлығының жертөлесіне жылу кіргізілді. Қазіргі күні жөндеу бригадалары 11 үй бойынша пәтерлердің жылу радиторлары мен пәтер аралық құбырларды ауыстырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Екібастұздағы апатты қалпына келтіру жөніндегі жедел штабтың өкілдері өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.
- Қазір Екібастұз ЖЭО-дан шығатын жылу желілеріндегі температура 82-де 59 градусты көрсетіп отыр. Апат салдарынан жылудан ажырап қалған барлық үйлердің жертөлесіне дейін жылу кіргізілді, жылу айналымы қалпына келе бастады. Жөндеу бригадалары бүгінге дейін үйлердің ішіндегі 850 жылу батареяларын айырбастады. Таңертең қолымызда 2500 дана жылу батареясы болған. Сондықтан пәтерлері жылуға енді қосыла бастаған 11 тұрғын үйге қоятын жылу радиаторларымыз жеткілікті.
Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Круктың айтуынша, ысырап болып жатқан су көлемі шамамен 360 тонна, кәсіпорын бұған қосымша тағы 350 тоннадай жоғалтып отыр.
- Көп жұмыстар жүргізілді. Өкінішке қарай кейбір үйлерде ПИК-тер тиісті шараларды уақытылы атқармаған. Соның салдарынан жүйелер қатып қалған. Қазіргі күні Сәтбаев көшесі, 8 үй, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 52 үй, Әуезов көшесіндегі №47, 46, 46А, Шешембеков көшесі, 19А үйлерінде қиындықтар туындауда. Штаб жетекшісі, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасымен әр үйге белгілі бір кәсіпорындар бекітілді. Әлгі кәсіпорындардың басшылары қалпына келтіру жұмыстарының басы-қасында өздері жүр. Бұл жағдай барлық зақымдану толық қалпына келтірілгенше сақталады. Үйлерді жылуға қосу жақын уақытта аяқталады деп отырмыз, - деді ол.
Штаб өкілдері апатты жою шараларына белсенді атсалысып жатқан «САЭМ» компаниясына, «Шығыс» кеніші, МАЭС-1, МАЭС-2 стансаларына, «Бозшакөл» КБК-ға, «Богатыр Көмір» және КЕГОК кәсіпорындарының басшылығына, сондай-ақ өз жұмысын адал атқарып жүрген ПИК-тердің өкілдеріне алғыс білдірді.
Аязда тұрғындар мен жөндеу бригадаларына ыстық шай мен ас-ауқат тасып жүрген еріктілердің еңбегі де мақтауға лайық.
Қала басшысы Аян Бейсекиннің айтуынша, апаттан зардап шеккен тұрғындардың барлық шығынын өтеуді «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ өз міндетіне алып отыр.
Атап өтерлігі, қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарында пайдаланылып жатқан құбырлар мен радиаторлар «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ-ның және демеушілердің есебінен сатып алыныпты. Барлық көпқабатты тұрғын үйлердің жылу тораптары қалпына келген соң жөндеу бригадалары суық су құбырларын жібітуге және жүйелері қатып жатқан 70 жеке үйдің құбырларын реттеуге аттанады.
Бұған қоса ОЖП-52 нысанына және өзге де магистральдерге қосылған бірнеше әлеуметтік нысанның жүйелерін дұрыстау көзделіп отыр.
Саяси науқанға – тиянақты әзірлік
Сайлау • Бүгін, 21:57
Пікір • Бүгін, 21:54
Пікір • Бүгін, 21:52
Парламент сайлауы – саяси реформалардың жалғасы
Сайлау • Бүгін, 21:49
Экономика • Бүгін, 21:43
Ауыл • Бүгін, 21:39
Аймақтар • Бүгін, 21:37
Сырдың күріші – сыртқы нарықта
Экономика • Бүгін, 21:34
Екібастұздың жағдайы оңалар емес
Аймақтар • Бүгін, 21:26
Саналы ұрпаққа арналған ұлттық жоба
Білім • Бүгін, 21:20
Жалғас – бастауыш сынып мұғалімі
Білім • Бүгін, 21:18
Саперлер кәсіби шеберлігін жетілдірді
Қоғам • Бүгін, 21:13
Қоғам • Бүгін, 21:10
Қоғам • Бүгін, 21:08
Қоғам • Бүгін, 21:00
Өнер • Бүгін, 20:59
Руханият • Бүгін, 20:55
Әннің түпнұсқа аты – «Қаракөз»
Тарих • Бүгін, 20:51
Өнер • Бүгін, 20:48
Өнер • Бүгін, 20:46
Кино • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:42
Спорт • Бүгін, 20:38
Экотуризмге – айрықша көзқарас
Туризм • Бүгін, 20:36
Қысқы спорт • Бүгін, 20:34
Түсімнің көзі – туристік жарна
Туризм • Бүгін, 20:31
Бокс • Бүгін, 20:27
Рыбакина тағы да шеберлігін мойындатты
Теннис • Бүгін, 20:24
Бүйректегі тасты алудың жаңа тәсілі
Медицина • Бүгін, 20:20
Жәдігер • Бүгін, 20:14
Балғын қаламгерлер бағалы сыйлық алды
Аймақтар • Бүгін, 20:13
Теннис • Бүгін, 20:11
Спорт • Бүгін, 20:08
Хоккей • Бүгін, 20:07
Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 19:28
Бірқатар өңірде тұман түсуіне байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 19:03
Новак Джокович Аустралия Ашық чемпионатының жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 18:44
Әлібек Қуантыров Мажарстанда қазақстандық студенттермен кездесті
Экономика • Бүгін, 18:23
Астанада қандай кәсіпорындар ашылады
Елорда • Бүгін, 17:16
Ұқсас жаңалықтар