Әлем • 04 Желтоқсан, 2022

Таиланд – Қазақстан: Бауырластық бас қалалардан басталады

141 рет көрсетілді

1992 жылы 6 шілдеде Таиланд пен Қазақстан ресми түрде өзара дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан болатын. Оған биыл 30 жыл толды. Осы мерзім ішінде жүйелі сапар алмасу және әртүрлі деңгейдегі байланыс екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға көмегін тигізген негізгі факторлардың бірі болып отыр.

1993 жылы екі тарап Үкіметаралық бірлескен комиссия құрды. Содан бері ол екіжақты диалогтің барлық аспектісі бойынша негізгі алаңға айналды. Таиланд астанасы Бангкок пен Қазақстанның бас қаласы Астана, сондай-ақ  Таиландтың әлемге әйгілі туристік орны Паттайя мен Қазақстанның үшінші ірі қаласы Шымкент «бауырлас қалалар» атануы да – екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға деген шынайы ынта-ықылас айғағы.

Екі ел өзара сауда және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниетті. Қазіргі уақытта Қазақстан Таи­ланд­тың Орталық Азиядағы ең ірі сау­да серіктесі болып саналады. Екі­жақ­­ты сауда 2021 жылы 64,94 млн дол­­ларды құрады. Таиландтан Қа­зақ­стан­ға экспортталатын негізгі тауарлар – автомобильдер мен оның бөл­шектері, машиналар, пластикалық та­бан­дықтар, тоңазытқыштар, резеңке бұйымдар, асыл тастар, зергерлік бұ­йым­дар және медициналық жабдықтар. Ин­вестициялық салаға келетін болсақ, екі ел ынтымақтастығын кеңейту үшін әлі де зор әлеует бар. Қазіргі таңда мұнай-газ саласында прогреске қол жет­кі­зілді. 2018 жылы Тайландтың PTT Public Company Limited компаниясы мен Қазақстанның «ҚазСтройСервис» компаниясы Таиландта ұзындығы шамамен 200 шақырым болатын 5-ші газ құбыры жобасының құрылысы бойынша 150 млн доллардан астам сомаға келісім жасасты. Таиландтың Қазақстанға салатын инвес­­тициясына келсек, 2019 жылы осы елдің PTT Public Company Limited компаниясы Маңғыстау облысындағы игеріліп жатқан мұнай кен орны –  Доңға жобасындағы Partex Holding B.V. акцияларының 20 па­йызын сатып алды. Тайландтың жетекші агроөнеркәсіптік конгломераты Charoen Pokphand Алматыдағы үй жануарларына арналған азық өндірісі бизнесіне шамамен 700 мың доллар көлемінде инвестиция құйды. Ал Charoen Pokphand компаниясы Қазақстанды Орталық Азиядағы өз өнімдерін өткізетін орталық ретінде пайдалануға ұмтылып отыр.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас тағы бір келешегі бар сала болып саналады және ол Таиланд пен Қазақстанның арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтуға айтарлықтай ықпал етеді. Бұл Таиландтың қазақстандық туристер үшін ең таңдаулы туристік бағыттардың бірі ретінде танымал екендігінен байқалады. COVID-19-ға дейінгі кезеңде Таиландқа 50 мыңнан астам қазақстандық турист келді. Қазіргі таңда «Air Astana» авиа­компаниясы Таиланд пен Қазақстан арасындағы тікелей рейстерді қалпына келтірді. Осыған орай Таиландқа келетін қазақстандық туристер саны артады деп болжанып отыр. Бұған қоса, 2022 жылдың 1 қазанынан бастап Таиланд COVID-19  сыныптамасын қауіпті жұқ­па­лы ауру­дан бақылаудағы жұқпалы ауруға дейін төмендетті. Сондықтан Таиландқа келетін саяхатшылардан бұдан былай вакцинация дәлелі немесе тест нәтижесін көрсету талап етілмейді. Ал Қазақстанға COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін бірнеше мың таилық барған. Олардың саны алдағы кезде, яғни COVID-19 пандемиясы эндемиялық сипатқа ие болған кезде өсе түседі деп болжанып отыр. Өйткені табиғаты сұлу жерлері мол, кең-байтақ аумаққа ие Қазақстан Таиланд саяхатшылары үшін бірегей туристік бағыттарды ұсынады. Қазақстан Үкіметі берген 30 күндік визасыз режім және Таиланд Корольдігінің Үкіметі бекіткен ұшып келгенде берілетін 15 күндік визаны тағы 15 күнге (2022 жылдың 1 қазанынан 2023 жылдың 31 наурызына дейін) ұзартуға рұқсат ету екі ел адамдарының арасындағы байланыс пен туризмді ілгерілетуге үлкен үлес қосқаны күмәнсіз.

Көпжақты ынтымақтастықта Таиланд пен Қазақстан тең де маңызды серіктестер ретіндегі ынтымақтастық байланыстарын сақтаумен қатар, бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, мұндай ынтымақтастықты Таиландтың Қазақстан негізін қалаушы және қазіргі төрағасы болып отырған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) белсене қатысуынан көруге болады. АӨСШК-ке келсек, Таиланд АӨСШК-ке мүше мемлекеттердің бар­лы­ғының орнықты даму саласындағы әлеуетін арттыруға көмектесу үшін орнықты даму және Таиландта әзірленген  жеткіліктілік экономикасының филосо­фия­сы (SEP) бойынша әртүрлі оқыту курс­тарын ұйымдастыру арқылы орнықты даму саласындағы Сенімді Нығайту Шараларын іске асыру жөніндегі үй­лес­­тіруші рөлін атқаруға ұмтылады. Таи­ланд пен Қазақстан достық қарым-қа­ты­настарын Азиядағы ынтымақтастық диалогі (ACD) және Азия-Еуропа кездесуі (ASEM) сияқты аймақтық алаңдарда да жалғастыруда. Жаһандық ауқымда, мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымында Таиланд пен Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және қарусыздану, дауларды бейбіт жолмен шешу сияқты мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас.

про

Таиланд пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын атап өту мақсатында 2022 жыл ішінде ірі мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырылды. Таиланд Корольдігінің Премьер-министрі, генерал, жоғары мәртебелі Прают Чан-Оча мен Қазақстан Республикасының Президенті, жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның құттықтау ноталар алмасуы символдық ишарат және осы айтулы оқиғаны атап өту болып саналады. Таиланд Король­ді­гі­нің Астанадағы елшілігі екіжақты ын­тымақтастықты ілгерілетуге сеп­те­се­тін, екі елдің дипломатиялық қарым-қа­тынастарының 30 жылдығын мерекелеуге арналған бірнеше іс-шараны ұйымдастыруда шешуші рөл атқарды. Қазақстандықтар арасында тай мәде­ние­тінің танымалдылығын ескере отырып, 2022 жылдың қыркүйегінде муай-тайдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Оған Таиландтан 5 кәсіпқой бокс­шы қатысып, қазақстандық боксшылар­мен күш сынасты, сондай-ақ жас қазақ­стан­дықтарды тай боксы өнерімен та­ныс­тыру мақсатында мастер-класс өткізді. Тағы бір есте қаларлық іс-шара – 2022 жылдың қазан айының ортасында Орталық Азия тұрғындарын тай фильмдері арқылы тай мәдениетімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып, Орталық Азияның барлық елінде әлеу­меттік желі платформаларында көр­се­тіл­ген Тай кинофестивалі.

Келесі тарауға зер салсақ, Таиланд пен Қазақстанның екіжақты ынтымақ­тас­тығын дамыту мен кеңейту үшін кең мүмкіндік пен әлеует бар орасан кеңіс­тікті көреміз. Екі елдің геогра­фия­лық тұрғыдан қашықта екеніне қара­мас­тан, олардың өзара пайдалы болуы үшін пайдалануға болатын ортақ сипаттары бар. Екі елдің Азиядағы стра­тегиялық жағдайын, Таиландтың ASEAN – материгінің орталығында, ал Қазақстанның Орталық Азияның орталығында орналасқанын ескере отырып, екі ел де өңірішілік және өңіраралық экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерді біріктіруде  орталық буындар ретінде қызмет ете алады және маңызды рөл атқара алады.

Шығыс экономикалық дәліз немесе EEC – Таиланд Корольдігі Үкіметінің инвестициялық саладағы флагманы бұл мақсатты айтарлықтай толықтыра алады, өйткені ол Таиландты ASEAN-ның жетекші экономикалық аймағына және ASEAN елдерімен, Азия-Тынық мұхиты өңірімен, Үнді мұхиты жиегімен және одан тыс жерлермен, құрлық, теңіз және әуе арқылы тығыз байланысы бар технологиялық өндіріс пен қызмет көрсету орталығына айнал­ды­ру­ға бағытталған. Елдің Таиландты инновациялық және құндылықтарға негізделген салаға айналдыруға арнал­ған 20 жылдық «Тайланд 4.0» страте­­гиясының негізіне алынған EEC бұрын­ғы танымал Шығыс жағалауының кеңей­тілімі болып саналады және өзін бас­тап­қы кезде елдің үш шығыс про­винциясында, атап айтқанда, Районг, Чонбури және Чачоенсаода шоғыр­ланған өңірлік даму бастамасы ретінде көрсетіп отыр.

EEC-ке 12 мақсатты S бейнелі сала кіреді, атап айтқанда, (1) жаңа буын автомобиль жасау, (2) зияткерлік электроника, (3) озық ауыл шаруашылығы және биотехнология, (4) болашаққа арналған азық-түлік, (5) құны жоғары және медициналық туризм, (6) автоматтандыру және роботтехника, (7) авиация және логистика, (8) медициналық және кешенді денсаулық сақтау, (9) биоотын және биохимия, (10) цифрлық сала, (11) қорғаныс және (12) білім беру мен адам ресурстарын дамыту. EEC сонымен қатар осы 12 мақсатты саланың орны болуға тиіс ілгерілетуші аймақтарды қам­тиды. Бұл ілгерілетуші аймақтарға жоға­ры жылдамдықты темір жол таспасына арналған EECh, цифрлық паркке арналған EECd, медициналық орталыққа арналған EECmd, инновациялық плат­фор­маға арналған EECi, EECa немесе Шығыс әуежай қаласы және Genomics Thailand-қа арналған EECg кіреді. Арнайы инвестициялық ынталандырулар мен қосымша артық­шы­лықтар EEC салаларындағы инвес­тор­­лардың нақты қажеттіліктерін ес­­ке­ріп әзірленген (https://www.eeco.or.th/en/incentives-schemes).

Таиланд пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір әлеуетті бағыты – Таиланд Корольдігі Үкіметі COVID-19 пандемиясынан кейін орнық­ты қалпына келтіру және әлдеқайда жасыл болашаққа арналған Таиланд ұлт­тық стратегиясы аясында қабылдаған Биоциклді жасыл экономика моделі (BCG экономика моделі). Таиланд адам құ­қықтарын кеңейтуге және орнық­ты­лық­қа бағытталған даму тәсілі ретінде әзірлеген жеткіліктілік экономикасы философиясын (SEP) басшылыққа ала отырып, BCG экономикалық моделі қалпына келтіруді ғана емес, сонымен қатар 2030 жылға қарай Орнықты даму мақсатына (SDG) қол жеткізуге ба­ғыт­талған. BCG моделі ресурстардың тиім­ді­лігіне, қалдықтарды азайтуға және төмен көміртегі шығарындыларына не­гіз­делген экономикалық өсуге күш салады. Таиланд контекстінде бұл модель төрт саланы, атап айтқанда, (1) ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдері, (2) медицина және денсаулық, (3) биоэнергетика, биоматериалдар мен биохимикаттар, (4) туризм мен креативті экономика салаларын ілгерілету үшін қолданылады.

Таиланд биыл Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығына (АТМЭЫ) төрағалық ететіндіктен және АТМЭЫ Экономикалық көшбас­шы­­­­ларының кездесуі 2022 жылдың қараша айында өткендігіне байланыс­­ты, АТМЭЫ-ны барлық мүмкіндікке ашық етуді, барлық өлшемде бірігуді және барлық аспектіде теңдестіруді ел­дің басымдығы етуге тырысты. Таи­ландтың «Аш. Қос.Теңдестір» тақы­ры­бы COVID-19 пандемиясынан туын­да­ған кедергілерді жоюға және BCG эконо­ми­калық моделін Азия-Тынық мұхиты экономикасына интеграциялау арқылы өсімге қол жеткізуге арналды.

ош

 

лд

Таиланд Корольдігі елшілігі

Соңғы жаңалықтар

Тарихи финал

Спорт • Бүгін, 22:02

Ықпалды Мәжіліс мінбері

Пікір • Бүгін, 21:54

Кезекті белес

Пікір • Бүгін, 21:52

Инфляция барометрі не дейді?

Экономика • Бүгін, 21:43

Несібені арттыратын несие

Аймақтар • Бүгін, 21:37

Сырдың күріші – сыртқы нарықта

Экономика • Бүгін, 21:34

Әскери топограф

Қоғам • Бүгін, 21:08

Бір жылда 100 кітап оқыған

Қоғам • Бүгін, 21:00

Күй рухы асқақтаған кеш

Өнер • Бүгін, 20:59

Кедергі философиясы

Руханият • Бүгін, 20:55

Дубляждың дарабозы

Өнер • Бүгін, 20:48

Біздің Люй-Ко

Өнер • Бүгін, 20:46

Шоқан бейнесіндегі Сағи

Кино • Бүгін, 20:44

Өмірмен қоштасу әні

Өнер • Бүгін, 20:42

Рух

Спорт • Бүгін, 20:38

Тау шаңғысын қалайтындар көп

Қысқы спорт • Бүгін, 20:34

Бап кем бе, бақ кем бе?

Бокс • Бүгін, 20:27

Көне құмыра және кестелі тері

Жәдігер • Бүгін, 20:14

Финалда жолы болмады

Теннис • Бүгін, 20:11

Әлем кубогінде жүлде алды

Спорт • Бүгін, 20:08

Төрт рет тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 20:07

Ұқсас жаңалықтар