Спорт • 05 Желтоқсан, 2022

Криштиану Роналду Португалия бапкеріне өкпелі

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Криштиану Роналду Португалия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантушқа көңілі толмай жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Криштиану Роналду Португалия бапкеріне өкпелі

Форвард өзін алаңнан тым ерте шығарып жібергеніне ренжулі сияқты. Себебі Роналду әлем чемпионатындағы барлық үш матчта да өзге футболшымен ауыстырылған. Ганаға қарсы (3:2) 88-минутта, Уругвайға қарсы (2:0)  82-минутта, Оңтүстік Кореяға қарсы (1:2) ойынның 65-минутында бапкер оны алаңнан шығарып жіберген. 

Португалия футбол федерациясы (FPF) жұлдызды ойыншының наразылығына назар аударғысы келмейді. 

«Әлем чемпионатының финалына шығуға үш ойын қалды! Біз тек матчтарға назар аударуымыз керек және дау тудырмауымыз қажет», деп жазылған FPF тарапынан алынған пікірде. 

Еске салайық, Роналду Оңтүстік Кореяға қарсы ойында өзге футболшымен ауыстырылғанда өте эмоционалды түрде жауап берген болатын. Ойыннан кейін бапкер де, шабуылшы да Роналдудың эмоционалды реакциясына корей футболшыларының бірінің әрекеті себеп болғанын айтқан. 

Десе де бапкер Сантос кез келген даулы мәселеде Роналдуды қолдап, оның мүддесін қорғап жүреді. Соған қарамастан атақты футболшының бапкерге өкпелі екені де жасырын емес. Басқа-басқа, дәл Криштиану Роналдудің әлем чемпионатындағы матчтарда негізгі уақыт аяқталмастан алаңды тастап кеткісі келмейтіні белгілі.