Қаржы • 05 Желтоқсан, 2022

Доллар бағамы өсті

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 469,17 теңгені құрап, 0,06 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы өсті

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы күрт өсіп, 67,58 теңгені (+1,02) құрады.

Еуро және Ресей рублі бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 493,74 теңге, рубльді 7,59 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 469,5-473 теңгеден, еуроны - 490,5-500,5 теңгеден, рубльді - 7,27-7,42 теңгеден сатып алады/сатады.

Оған қоса, 5 желтоқсандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама өсті.

Мәселен, Brent сортының ақпан фьючерстері 1,50%-ға өсіп, барреліне 87,08 долларды құрады.

Қаңтар WTI фьючерстерінің бағасы 1,30%-ға көтеріліп, барреліне 81,28 долларға жетті.