Білім • 05 Желтоқсан, 2022

Асхат Аймағамбетов ең үлкен реформа жайлы айтты

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Мемлекеттік стандарты мен үлгілік бағдарламасы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асхат Аймағамбетов ең үлкен реформа жайлы айтты

«Осыған дейінгі стандартта балаларды тәрбиелеу мен оқытуда шектеу қою, белсенді ойындарға уақыттың жеткіліксіздігі, партада ұзақ отыру басым болғанын атап өткім келеді. Жаңа стандарт мектепке дейінгі ұйымдарға ыңғайлы болуға, құндылықтар мен құзыреттіліктерді дамытуға және жас балалар үшін табиғи ойын үлгісін кеңінен қолдануға бағытталған. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы мектепке дейінгі білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертетін ең үлкен реформа деп айтуға болады», деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.