Әлем • 05 Желтоқсан, 2022

Тунис карантиндік шектеулерді алып тастады

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тунис билігі коронавирустық пандемияға байланысты барлық шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тунис карантиндік шектеулерді алып тастады

Бұл өзгерістер 1 желтоқсаннан бастап күшіне енді. Тунистің ұлттық туристік кеңсесінің мәліметінше, өзгерістер елге келетін барлық жолаушыларға қатысты.

Дегенмен, ел аумағында кейбір шектеулер сақталады. Мысалы, аурудың белгілері пайда болған кезде бетперде киіп, жабық қоғамдық орындарды желдетуді қамтамасыз ету қажет.

Мемлекеттік денсаулық сақтау министрлігі де эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда елге кіруге шектеу шараларын қайтаруды жоққа шығармады.

Бұған дейін хабарлағандай, Үндістан билігі шетелдіктердің кіруіне қойылатын талаптардың басым бөлігін алып тастады.