04 Маусым, 2014

Табиғат қорғау акциясы өтуде

940 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
5 маусымда өтетін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қоғам назарын экологиялық проблемаларға аударуға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға үндейді. Бұл күн экологиялық күнтізбеде әлемнің 100-ден аса елінде мерекеленетін ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Қоршаған ортаны қорғау жә­не су ресурстары министрлігі Ба­лық шаруашылығы комитетінің бұй­рығына сәйкес 2014 жылдың 1 мамыры мен 5 маусым аралы­ғында Қоршаған ортаны қорғау ха­лықаралық күнін мерекелеу қар­саңында республикалық деңгейде «Таза су айдындары» табиғат қор­ғау акциясы өткізілуде. Акция шеңберінде табиғи ресурстар мен құндылықтарды молайту және сақтау мақсатында Қа­зақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бас­сейндік балық шаруашылығы инс­пекциялары ұйымдастыруымен республикамыздың әр айма­ғын­дағы су айдындары және жаға­лау аймақтары тұрмыстық қал­дықтардан, полиамидті моно­жіптерден жасалған балық аулау ауларынан тазартылды. Аталмыш акцияға жануарлар дүниесін пайдаланушылар, «Нұр Отан» партиясының өкіл­дері, табиғат қорғау полициясы, жергілікті атқарушы органдар, орта-арнайы және жоғары оқу орындары студенттері қатысты. Балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерінің бастамасымен жастар мен жас­өспірім­дердің экологиялық білім-та­нымын жетілдіру үшін орта-арнайы және жоғары оқу орында­рында насихаттау жұмыстары жүргізілді. Акцияға жалпы 2300-ден ас­там адам қатысып, 40 000 метр­дей полиамидті моножіптерден жасал­ған аулар, жалпы көлемі 281 тоннадай тұрмыстық қоқыс жиналып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылды. «Таза су айдындары» таби­ғат қорғау акциясының қоры­тын­дысына сәйкес, Балық шаруа­шылығы комитеті бекіт­кен талаптарға сай арнайы құрыл­ған комиссия шешімімен Арал-Сырдария облысаралық бас­сейндік балық шаруашылығы инспекциясы ең жақсы нәтижелер көрсеткенін атап өткен жөн, сонымен бірге, ең белсенді деп танылған қатысушылар ынталандырылып, мақтау қағаздарымен марапатталатын болады. Сондай-ақ, өткізіліп жатқан акцияның демалыс мерзімінің бас­талуына тұспа-тұс келетінін де атап өту қажет. «Егемен-ақпарат».