Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2022

Украина Қазақстандағы жаңа елшісінің кандидатурасын ұсынды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украина тарапы жаңа елшінің кандидатурасын ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Украина Қазақстандағы жаңа елшісінің кандидатурасын ұсынды

«Бұрын брифингтерде хабарланғандай, украин тарапы жаңа елшіні ұсынды. Қазір бұл кандидатураны қарастырып жатырмыз. Біздің келісімімізсіз олар елші тағайындай алмайды. Бұйрық осындай», деді БАҚ өкілдеріне арналған брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскийді қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланған болатын. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Украина елшісінің арандатушылық мәлімдемесі үшін оған наразылық білдірді.