Кино • 05 Желтоқсан, 2022

Азаттық аңсаған көш

438 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада «Алтайдан Анадолыға» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Түркиядағы қандастар көшінің 70 жылдық тарихына арналған фильмнің тұсаукесер рәсіміне тарихшылар, зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері мен журналистер қатысты.

Азаттық аңсаған көш

Фильмде Қытай коммунис­терінің зорлық-зомбылығынан босып Тибет, Үндістан мен Пә­кістан арқылы Түркияға жет­кен қандастар тағдыры баяндалады. Фильм авторы – Азат Рыстанбек. Ки­но­­картинаны «Отандастар қ­о­рының» ұсынысымен «Qa­zaq­stan» ұлттық арнасы­ның шы­ғармашылық тобы Түр­кия­ның қазақтар шо­ғыр­ланған аймақтарында тү­сірген.

Туындыда Алтайдан Ана­долыға ауған он мыңдаған қа­зақтың көшіне куә болған жандардың естеліктері әсерлі бе­рілген. Сонымен қатар түрік ғалымдарының құн­ды тарихи зерттеулері де қамтылған. Одан бөлек, 1952 жылы 13 наурызда Түркияның сол кездегі Үкімет басшы­сы Аднан Мендерестің бастамасымен қабылданған тарихи қаулы туралы да кеңінен айтылады. Азапты жолды көп адам шығынымен артқа тас­тап, 1952 жылы Түркияға әупірімдеп жеткен 1 852 қазақ­тың Анадолы жеріндегі жаңа ортаға бейім­делуі, тамыр жаюы және қазіргі кездегі жай-күйі – картинаның не­гізгі мазмұны болған. Шы­ғар­­машылық топ түсірілім ба­­­рысында қазақтар алғаш қо­ныстанған Ыстанбұлдың Зей­­тінбұрны және Бағжылар ауданына, Ниде аймағындағы Алтай ауылына және Анкара, Измир, Салихлы қалаларына барып, көш куәгерлері Зылиха Қамзақызы, Қалия Әділ­бек­қызы, Арыстан Шәдетұлы, Ман­сұр Тәйжі және олардың ұрпақтарымен тілдесіп қайтқан.

«Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы мен «Qazaqstan» ұлттық ар­насының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбайдың айтуынша, фильм кейінгі буынға ұлт тарихындағы ең ұзақ, ең азапты көштің мәнін түсіндіру, қандастарымызға құрмет біл­діру мақсатында түсірілген.

Сондай-ақ картина ұлт та­рихындағы айтулы көштің 70 жылдығына және Қазақстан мен Түркия арасындағы дип­­­ло­матиялық қарым-қа­ты­­нас­тың 30 жылдығына ар­­налған. Деректі фильм «Qa­zaq­stan» ұлттық арнасы­нан Тәуел­сіз­дік күні қарса­ңында көр­се­тіледі.