Оқиға • 06 Желтоқсан, 2022

16 жастағы өскемендік 15 жылға сотталуы мүмкін

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен полицейлері 16 жастағы есірткі таратушыны ұстады. Жасөспірімнің сөмкесінен ұнтақ түйілген 77 бума табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

16 жастағы өскемендік 15 жылға сотталуы мүмкін

Ұсталған адамның тұрғылықты жеріне де тінту жүргізілген. Онда алдыңғы заттарға ұқсас 106 орама тәркіленген. Жүргізілген сараптама күдікті әзірлеген 183 орамада 26,95 грамм «Альфа-pvp» психотроптық заты және шамамен 37 грамм мефедрон сақталғанын көрсетті.

«Аталған факті бойынша ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жас курьер-қойып кетушіні он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр», деп жазылған Рolisia.kz таратқан хабарламада.