Қоғам • 06 Желтоқсан, 2022

Қытай Шығыс Қазақстан облысына зертханалық құрал-жабдықтар береді

486 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хат алмасу барысында Қазақстан мен Қытай үкіметтері Шығыс Қазақстан облысын зертханалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге келісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай Шығыс Қазақстан облысына зертханалық құрал-жабдықтар береді

Құжатта Қытай тарапының Қазақстан үкіметінің өтініші бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын тексеру зертханасына құны 11,15 миллион юань (шамамен 753,5 миллион теңге) құрал-жабдықтар беруге келіскені айтылған.

Өскеменге жабдықты тасымалдау, сондай-ақ жабдықты орнату үшін техникалық мамандарды жіберу және оларға нұсқау беру Қытай тарапына жүктелген.

Өз кезегінде қазақстандық тарап зертхананың жобалау және әрлеу жұмыстарына жауап береді, зертхананың жұмысына қажетті жағдай жасайды, сондай-ақ кедендік және басқа да операциялардың шығындарын өз мойнына алады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, келісім екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынас пен техникалық-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға экспорттауға мүмкіндік береді.

Құжат 20 желтоқсанға дейін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды.